

Ұлттық архивте қызметкерлерге арналған түсіндіру жұмыстары өтті
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қызметтік әдеп пен қауіпсіздік талаптарын сақтау бағытында бірқатар оқу және түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Алдымен Ұлттық архив қызметкері Өмірзақ Сәрсембаев «ҚБП» белгісі бар құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген тәртібі бойынша оқу өткізіп, қолданыстағы талаптарды түсіндірді. Сонымен қатар, Ұлттық архивтің комплаенс-офицері Ермек Сатыбалдинов мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі талаптарына тоқталып, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп пен заңдылықты сақтау жөніндегі міндеттерін түсіндірді.
Кездесу барысында өрт қауіпсіздігі бойынша Бас инженер Максим Тұяшев инструктаж өткізіп, ал Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженер Қанат Балқыбеков еңбек қауіпсіздігі талаптары бойынша дәріс оқып, тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетті. Мұндай түсіндіру жұмыстары қызметкерлердің жауапкершілігін арттырып, қауіпсіз әрі талапқа сай еңбек ортасын қалыптастыруға бағытталған.



