Ынтымақтастық

«Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі қызметінің маңызды бағыттарының бірі – архив мекемелерімен, мемлекеттік органдармен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, жоғары оқу орындарымен, мәдениет мекемелерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және жақын әрі алыс шетелдердің заңды және жеке тұлғаларымен ынтымақтастықты дамыту және халықаралық байланыстарды жүзеге асыру болып табылады.

Бұл ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын және өзге де архивтік құжаттарды толықтыру, сақтау, есепке алу, ғылыми зерттеу және пайдалану саласында озық тәжірибені зерделеу, өзара алмасу, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, құжаттық мұраны сақтау және насихаттау бағытындағы өзара іс-қимылды дамыту.

Осы бағытта Ұлттық архив бірқатар мемлекеттік органдармен, ғылыми мекемелермен және ұйымдармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасқан. Атап айтқанда:

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтымен ынтымақтастық туралы шарт;
«Астанагорархитектура» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ынтымақтастық туралы келісім;
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен ынтымақтастық туралы келісім.

Бұл келісімдер ғылыми зерттеулерді дамытуға, архивтік құжаттарды ғылыми айналымға енгізуге, құжаттық мұраны сақтау мен насихаттауға, сондай-ақ архив ісі саласындағы тәжірибе алмасу мен кәсіби байланысты нығайтуға бағытталған.