![]()
«Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» РММ азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына хабарландыру
Біліктілігі жоғарғы деңгейлі маман - бухгалтер
Лауазымдық міндеттері:
- негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық қорлардың және өзге де материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есебін жүргізу;
- материалдық құндылықтардың келіп түсуіне, орын ауыстыруына және есептен шығарылуына байланысты бастапқы құжаттарды ресімдеу;
- мекеме мүлкінің есебін жүргізу және сақталуын бақылау;
- түгендеу жүргізуге қатысу және оның нәтижелерін бухгалтерлік есепте көрсету;
- негізгі құралдарға амортизация есептеу;
- материалдық есеп бойынша бухгалтерлік және өзге де есептілікті дайындау;
- мүлік есебі мәселелері бойынша материалдық жауапты тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;
- материалдық есепті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының және мекеменің есеп саясатының сақталуын қамтамасыз ету.
Талаптар:
- жоғары білім;
- бухгалтер лауазымындағы жұмыс тәжірибесі – кемінде 2 жыл;
- 1С, Excel бағдарламаларын және бухгалтерлік есеп негіздерін білу;
- жауапкершілік, ұқыптылық, құжаттармен жұмыс істей білу.
Мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, «Нұржол» желекжолы, 12.
Кандидаттардың түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап электрондық поштаға ok@kazarhiv.kz қабылданады.
Түйіндемеде қажетті деректер (ТАӘ, байланыс мәліметтері, фото, білім, жұмыс тәжірибесі, дағдылар) көрсетілуі тиіс.
