![]()
Құжаттарға есеп жүргізу және оларға ғылыми-анықтамалық аппарат (ҒАА) жасау бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу қызметін жүзеге асырады.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
– мемлекеттік сақтауға қабылданған құжаттардың толық әрі нақты есебін жүргізу;
– Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының көшірмелерінен мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру және оның есебін жүргізу;
– құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппаратты (жөнсілтерлер, тізімдемелер, каталогтар, көрсеткіштер, шолулар) әзірлеу;
– «Е-архив» электрондық құжаттардың бірыңғай архиві базасына архив қорлары бойынша мәліметтерді енгізу және оларды жетілдіру;
– пайдаланушылар үшін ақпараттық іздеу мүмкіндіктерін кеңейту;
– құжаттарды ғылыми сипаттау және жүйелеу жұмыстарын ұйымдастыру;
– дыбыс, фото және бейнеқұжаттардың есебін жүргізу және оларды ғылыми айналымға енгізу;
– тақырыптық, атаулық және жүйелік каталогтарды жүргізу;
– әдістемелік ұсынымдар, нұсқаулықтар мен жадынамаларды әзірлеу.
