![]()

«Мектепке жол» акциясы
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұжымы жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырып, мектеп табалдырығын алғаш аттайтын архив қызметкерлерінің балаларын құттықтап, ізгі тілектерін білдіруді және қолдау көрсетуді дәстүрге айналдырған.
2026 жылғы 28 тамызда бұл игі дәстүр өз жалғасын тапты. Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Нұрланова С.Е., директордың орынбасары Құсайынова Т.Ж. және архив ұжымы білім ордасының есігін алғаш рет ашқалы отырған бүлдіршіндерді өмірлеріндегі маңызды кезеңмен құттықтап, ақ жол тіледі.
Акция аясында бүлдіршіндерге мектепке қажетті оқу құралдары салынған сөмкелер салтанатты түрде табысталды.
Алғашқы қадамдарың нық болсын! Ақ жол, жас бүлдіршіндер! Жаңа оқу жылдарың құтты болсын!




