Кәсіби тәжірибе алмасу

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивіне тәжірибе алмасу мақсатында Жамбыл облысы Тараз қаласындағы мемлекеттік архив қызметкерлері келді.

Ұлттық архив жұмысы, құжат айналымы, істерді жүргізу, жеке қорлармен, «е- архив», “Архив – 2025” жобалары аясында атқарылып жатқан істердің қыр-сырымен жан-жақты танысты.

Сондай-ақ, әріптестеріміз архивпен танысу барысында жетістіктер мен алда тұрған міндеттерге тоқталып, архтв ісінің дамуына және осы салада кездесетін мәселелерді талқылап, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Өзара тәжірибе алмасу кәсіби шыңдалуға жетелеп, үлкен жетістіктерге жол ашатынына сенеміз.