Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Ұлттық архивте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің комплаенс-офицері Ермек Сатыбалдинов мекемеде қолданылатын мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу жөніндегі саясат пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі талаптарын таныстырды.

Түсіндіру барысында мүдделер қақтығысының негізгі ұғымдары, оның туындау себептері мен жағдайлары, сондай-ақ мұндай жағдайлардың алдын алу және реттеу тәртібі кеңінен түсіндірілді. Қызметкерлерге мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда сақталуға тиіс талаптар мен қабылданатын шаралар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі талаптарына, қызметтік әдеп нормаларына және қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі заңдылық қағидаттарына ерекше назар аударылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыйлықтар мен өзге де сыйақыларды қабылдауға жол бермеу, қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдаланбау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау тәртібі түсіндірілді.

Кездесу барысында қызметкерлердің қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындауы, мүдделер қақтығысына жол бермеуі және белгіленген талаптарды қатаң сақтауының маңыздылығы атап өтілді.

Түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық талаптарды сақтау деңгейін арттыру және қызметтік ортада ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту.