TEST GUTENBERG

Our Blog

Latest Blog with
Carousel Style

Жаңалықтар Халықаралық қатынастар

Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Король Әбделазиз атындағы ғылыми-зерттеу және архив қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум

22 мамыр күні Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Сауд Арабиясы Корольдігінің Король Әбделазиз атындағы ғылыми зерттеу және архив қорының директоры TURKI BIN MOHAMMED ALSHUWAIER мен Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Нұрланова Сағила Есімсейітқызы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Іс-шараның мақсаты – архив саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу. Сонымен қатар екі елдің […]
Жаңалықтар Халықаралық қатынастар

Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапхана және архив ұйымы Ұлттық кітапханасы арасындағы ресми кездесу

2025 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің директоры Сағила Есімсейітқызы Нұрланова мен Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапхана және архив ұйымы Ұлттық кітапханасы басшысының орынбасары Реза Шахраби Фарахани мырза ресми кездесу өткізді. Бұл жүздесу — екі ел арасындағы тарихи сабақтастықты сақтау, рухани мұралармен тәжірибе алмасу, архив саласындағы өзара байланысты тереңдетуге бағытталған маңызды диалог алаңы болды. […]
Біліктілікті арттыру орталығы Жаңалықтар

Мемлекеттік архив: архив саласындағы менеджмент

15-16 мамыр күндері ҚР Ұлттық архивінде “Мемлекеттік архив: архив саласындағы менеджмент” тақырыбында оқу семинары өтті. Семинарда Архив,  құжаттама және кітап ісі комитеті басқармасының басшысы С. Н. Тащанова ҚР Ұлттық архивінің директоры С. Е. Нұрланова және білікті архив қызметкерлері “Архив ісі және құжаттаманы басқару саласындағы нормативтік-құқықтық актілер”, “Архив саласындағы менеджмент әдістері”, “Мемлекеттік есеп және Мемлекеттік қор каталогын жүргізу” […]
Жаңалықтар

Бухара қаласында Қазақстанның архивтер күндері аясында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2025 жылдың 19-22 тамыз аралығында Өзбекстанның Бухара қаласында Қазақстанның архивтер күндері халықаралық іс-шарасы аясында «Ақпараттық қоғамда архивтердің орны мен маңызы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде. Конференцияға Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві директордың орынбасары С.Н. Мушкенова мен Архивтік технологиялар мен цифрландыру бөлімінің басшысы А.А. Булашев қатысуда. Конференция барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві директордың орынбасары С.Н. Мушкенова ұлттық тарихымызды бейнелейтін […]
Жаңалықтар

«Батырларға тағзым» атты бірегей веб-порталының таныстырылымы мен құжаттық көрме

5 мамыр күні ҚР Ұлттық архивінде Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық майдангерлер туралы «Батырларға тағзым» атты бірегей веб-порталының таныстырылымы мен құжаттық көрме өтті. Іс-шара аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі іске қосқан «Батырларға тағзым» сайтындағы ардагерлердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қорынан алынған Ұлы Отан соғысының ардагерлері Кәри  Абитов, Тәңірберген Қалилаханов, Хамит Ерғалиев, Мәлік Ғабдуллин, Ермекқали Серікбаевтың […]
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві мен Біріккен Араб Әмірлігінің «Даналық үйі» арасындағы кездесу

20 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде Біріккен Араб Әмірлігінің «Даналық үйі» атқарушы директоры Марва Обаид Рашид Аль Акруби ханым мен Үкіметпен байланыс және хаттама бөлімінің басшысы Али Әл Шеммари мырзамен кездесу өтті. Қонақтарды Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Нұрланова Сағила Есімсейітқызы қарсы алып, архив мекемесінің жұмысымен және қор сақтау, құжаттарды цифрландыру бағыттарындағы тәжірибелерімен бөлісті. […]
Жаңалықтар

ҚР Ұлттық архивінде мемлекет қайраткері, құжаттанушы Мирболат Хабиұлы Жақыповтың 70 жылдық мерейтойына орай «Ерен еңбек иесі» атты жеке қорының ашылу

17 сәуір күні ҚР Ұлттық архивінде мемлекет қайраткері, құжаттанушы Мирболат Хабиұлы Жақыповтың 70 жылдық мерейтойына орай «Ерен еңбек иесі» атты жеке қорының ашылу салтанаты өтті. Шараға ҚР Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Лұқпанұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Салахадинұлы мен Абзал Темірғалиұлы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері және Мирболат Хабиұлының отбасы мүшелері қатысты. Мирболат Хабиұлы еліміздегі құжат айналымы мен іс жүргізу […]
Жаңалықтар

Поэзия падишасының қоры құнды қолжазбалармен толықты

ҚР Ұлттық архивінің жеке қор иесі, Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері, ақын, «Құрмет белгісі», «Парасат ордені» иегері Фариза Оңғарсынованың жеке қоры  бүгін тағы да құнды қолжазбалармен толықты. Ақынның еңбектері бұған дейін де ҚР Ұлттық архивіне ресми түрде тапсырылып, 2024 жылы арнайы іс-шара өтіп, салтанатты түрде ашылған болатын. Бұл жолы Алматы қаласынан ақынның 1965 жылдан […]