ҚР Ұлттық архивінде ақын Қадыр Әлімқұловтың жеке тек қоры ашылды

ҚР Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, журналист, прозашы, сазгер, ақын Қадыр Нүсіпақынұлы Әлімқұловтың жеке тек қоры ашылды.

Іс-шараның мақсаты – Қадыр Әлімқұловтың жеке тек қорын ашу арқылы шығармашылығын насихаттау, мұраларын ҚР Ұлттық архиві қорына жинақтау және құндылығын таныту.

Шара басында Ұлттық архивтің директоры Сағила Есімсейітқызы сөз сөйлеп, жеке қор иесінің №291 сертификатын табыстады.