

ҚБП құжаттарымен жұмыс істеу тәртібі талқыланды
2026 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде «Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова ашып, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Ол қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, құжаттардың сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы бағытта жауапты мамандардың кәсіби біліктілігін арттырудың маңызын атап өтті.
Іс-шараға ведомстволық архивтердің, сондай-ақ ұйымдардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерінің басшылары мен қызметтік пайдалануға арналған құжаттарға жауапты мамандар қатысты.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басқарма басшысы Салтанат Тащанова арнайы лекция оқып, қатысушыларды заңнамадағы өзгерістермен таныстырды.
Кездесу барысында таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмысты ұйымдастыру, ҚБП белгісі бар құжаттарды есепке алу, сақтау және пайдалану тәртібі, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік пен деректерді қорғауға қатысты талаптар жан-жақты қарастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Ұлттық архивтің жинақтау көздері болып табылатын ұйымдар мамандарының архив ісі саласындағы заңнамалық талаптар жөніндегі білімін жетілдіру, қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын нығайту және құжаттардың сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету.
Осындай семинарлар ведомстволық архив мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға, құжаттамамен жұмыс істеу тәртібін жетілдіруге және қызметтік ақпаратты қорғау талаптарын сақтауға бағытталған.


