![]()
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві 2026 жылға арналған атаулы және мерекелі күндердің күнтізбесін (бұдан әрі – Күнтізбе) дайындады.
Күндер, фактілер мен оқиғаларды архившілер Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде сақталған Ұлттық архив қорының құжаттары негізінде анықтап, іріктеп алды.
Күнтізбеге республиканың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-мәдени өмірін көрсететін ең маңызды 128 атаулы оқиға мен факті енгізілді.
Күнтізбенің негізгі мақсаты – Ұлттық архив қорының құжаттарын дәріптеу, архив материалдарын ғылыми-зерттеу, ағарту және оқу-тәрбие жұмыстарында белсенді пайдалану, архив мекемелерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне, зерттеушілерге ретроспективті ақпаратты тиімді пайдалануды ұйымдастыруда көмек көрсету.
Күнтізбені мәдени-ағарту мекемелері, оқу орындары, қоғамдық бірлестіктер түрлі іс-шараларды өткізуде, тақырыптық және құжаттық көрмелерді ұйымдастыруда, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялауда пайдалана алады.
Күнтізбе үшін мәліметтерді жинау кезінде мынадай критерийлер ескерілді:
- оқиғаның жалпы Қазақстанның ұлттық тарихы үшін маңыздылығы;
- оқиғаның Қазақстанның өнеркәсібі, экономикасы, ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы үшін маңыздылығы.
Күндер тақырыпқа қарамастан, айлар бойынша тікелей хронологиялық жүйелілікпен орналасқан.
Күнтізбені пайдалану барысында адамдардың есімдері мен тектері, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің атаулары, құрметті атақтар, географиялық атаулар, сондай-ақ ондағы оқиғалардың күндері негізінен дереккөзде қалай берілсе, сол қалпында келтірілгенін ескеру қажет.
Күнтізбе Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві қорларының құжаттары бойынша дайындалғандықтан, «Орналасқан жері» бағанында қордың (Қ.), тізімдеменің (Т.), істің (І.), парақтың (П.) нөмірі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының атаулы және мерекелі күндерінің 2026 жылға арналған күнтізбесі
(Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві қорларында сақталған архивтік құжаттар бойынша)
| № | Оқиға күні | Оқиғаның атауы | Орналасқан жері |
| ҚАҢТАР | |||
| 1. | 8 қаңтар | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шаңырақ-10» бірінші Халықаралық сауда жәрмеңкесін өткізу туралы» №15 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.91. Т.1. І.809. Пп.117-118. |
| 2. | 13 қаңтар | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жапония Үкіметінің «Семей өңіріндегі медициналық қызмет көрсетуді жақсарту» жобасын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметіне грант беру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы ноталар алмасу түріндегі Келісімге қол қою туралы» №36 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.63. Т.1пр. І.427. П.39. |
| 3. | 14 қаңтар | Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің «Алматы қаласында 30-жылдардағы ашаршылық пен 20-50-жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш мемориалын орнату туралы» №39 қаулысының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.42. Т.1. І.1. П.1. |
| 4. | 17 қаңтар | Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапаттау туралы» №4 Жарлығының қабылданғанына 20 жыл (2006) | Қ.133. Т.1. І.1286. Пп.19-20. |
| 5. | 19 қаңтар | «Кустанайские новости» өңірлік газетін шығарудың басталғанына 30 жыл (1996 ж.) | Қ. 58. Т. 1. І. 54. П. 12 |
| 6. | 23 қаңтар | Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарын ұсыну, тапсыру, есепке алу және сақтау тәртібі туралы нұсқаулықтарды және «Алтын Қыран» орден кітапшасының үлгісін бекіту туралы» Жарлығының қабылданғанына 30 жыл (1996 ж.) | Қ. 58. Т. 1. І. 48. Пп. 1-20 |
| 7. | 24 қаңтар | Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» № 2797 Конституциялық Заңының қабылданғанына 30 жыл (1996 ж.) | Қ. 58. Т. 1. І. 83. П. 219 |
| 8. | 26 қаңтар | Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заң күші бар №2823 Жарлығының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.41. Т.1. І.190. Пп.28 |
| 9. | 26 қаңтар | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы архив ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» №146 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.63. Т.1пр. І.427. Пп.136-139 |
| 10. | 28 қаңтар | Қазақстан Республикасы Президентінің «Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» №50 Жарлығының қабылданғанына 20 жыл (2006) | Қ.133. Т.1. І.1286. П.23. |
| 11. | 31 қаңтар | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін сақтау мұқтаждары үшін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілерін дайындау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №164 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.128. Т.1қос. І.19. Пп.111-114. |
| АҚПАН | |||
| 12. | 2 ақпан | Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» №56 Жарлығының қабылданғанына 20 жыл (2006) | Қ.133. Т.1. І.1286. Пп.27-28. |
| 13. | 9 ақпан | Жоғары және орталық мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына қайта орналастыру жөніндегі Мемлекеттік комиссияның №39-8/81 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.43. Т.1. І.18. Пп.1-17. |
| 14. | 9 ақпан | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» № 215 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.23. Т.2. І.94. Пп.1-2. |
| 15. | 10 ақпан | Жазушы Бек Тоғысбаевтың туғанына 90 жыл (1936 ж.) | Қ.4, Т.1, І.1813, П.93 |
| 16. | 12 ақпан | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» №189 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.41. Т.1. І.190. П.24. |
| 17. | 13 ақпан | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында ЖИТС-тың (СПИД) алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» №193 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.55. Т.1. І.29. Пп.1-20. |
| 18. | 14 ақпан | Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл (2001) | Қ.91. Т.1.І.555. Пп.13-15. |
| 19. | 16 ақпан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі алқасының «Қазақстан Республикасының аграрлық секторындағы Еуропалық Одақтың ТАСИС бағдарламасын іске асыру барысы туралы» №05 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.17. Т.1пр. І.1189. Пп.20-24. |
| 20. | 17 ақпан | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан жастары» бағдарламасы туралы» №249 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.63. Т.1пр. І.427. Пп.242-248. Қ.128. Т.1. І.144. Пп.5-19. |
| 21. | 19 ақпан | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жаңа астана» республикалық бюджеттен тыс қорының шотын Қазақстан Республикасының Халық банкіне ауыстыру туралы» №212 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.44. Т.1. І.21. П.35. |
| 22. | 22 ақпан | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Алматы облысында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру туралы» №228 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.4. Т.1П. І.423. Пп.3-21; І.506. Пп.236-309. |
| 23. | 27 ақпан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Еуразия-96» Халықаралық көрмесін және «Еуразиялық мемлекеттердің экономикасын біріктіру – проблемалар мен перспективалар» конференциясын өткізу туралы» №38 Бұйрығының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.17. Т.1пр. І.1186. Пп.167-168. |
| НАУРЫЗ | |||
| 24. | 11 наурыз | Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» №2895 Жарлығының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.91. Т.1. І.593. П.167. |
| 25. | 13 наурыз | Ғ. Мүсірепов атындағы Мемлекеттік қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының құрылғанына 80 жыл (1946 ж.) | Қ.4, Т.1, І.1801, П.256 |
| 26. | 14 наурыз | Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысының өткізілгеніне 20 жыл (2006) | Қ.2ЛП. Т.1. І.66. Пп.1-22. |
| 27. | 16 наурыз | Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 573 Жарлығының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.63. Т.1пр. І.426. Пп.31-36. |
| 28. | 17 наурыз | Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана қаласының 2030 жылға дейінгі тұрақты дамуының стратегиялық жоспары туралы» № 67 Жарлығының қабылданғанына 20 жыл (2006) | Қ.133. Т. 1. І.1286. П.31. |
| 29. | 19 наурыз | Ақмола қаласының бас жоспарын әзірлеу бойынша авторлық ұжымның дербес құрамының бекітілгеніне 30 жыл (1996 ж.) | Қ.4, Т.1п., І.431, Пп.79-82 |
| 30. | 25 наурыз | Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, профессор Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл (1946 ж.) | Қ.1, Т.1, І.8, Пп.17-18 |
| СӘУІР | |||
| 31. | 5 сәуір | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль Мемлекетінің Үкіметі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияны құру туралы» № 62 Бұйрығының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.17. Т.1пр. І.1187. П.6. |
| 32. | 6 сәуір | Алматы қаласында «Жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі президенттік институт» тақырыбында халықаралық конференцияның өткізілгеніне 25 жыл (2001) | Қ.91. Т.1пр. І.593. П.111. |
| 33. | 15 сәуір | Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 30 жыл (1996 ж.) | Қ. 58, Т. 1, І. 82, Пп.75-77 |
| 34. | 18 сәуір | Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасының арнайы өкілі туралы Ережені бекіту туралы» № 2955 Жарлығының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.3. Т.1. І.18. Пп.92-93. |
| 35. | 19 сәуір | Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясына жалға берілген «Байқоңыр» кешенінің жер учаскелерін пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойылғанына 30 жыл (1996 ж.) | Қ.35, Т.1, І.92, Пп. 73, 76 |
| 36. | 19 сәуір | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін лицензиялау туралы ережені бекіту туралы» № 478 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.14. Т.1. І.86. Пп.64-70 |
| 37. | 23 сәуір | Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Палестина Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 30 жыл (1996 ж.) | Қ. 58, Т. 1, І.82, Пп.199-200 |
| 38. | 26 сәуір | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрылғанына 80 жыл (1946 ж.) | Қ.58, Т.1, І.82, Пп.189-190 |
| 39. | 30 сәуір | Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, КСРО теледидары мен радиосының үздігі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Сұлтан Оразалиновтың туғанына 85 жыл (1941 ж.) | Қ.1, Т.1, І.8, П.27 |
| МАМЫР | |||
| 40. | 2 мамыр | XVI ғасырдағы қазақ батыры Жалаңтөс Баһадүрдің туғанына 450 жыл (1576 ж.) | Қ.4, Т.1, І.1801, П.235 |
| 41. | 3 мамыр | Жоғары және орталық мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына қайта орналастыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комиссиясының «Ақмола қаласында Қорғаныс министрлігінің Жедел тобын орналастыру туралы» № 39-8/13 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.43. Т.1. І.18. П.26. |
| 42. | 5 мамыр | Ақын, жазушы Өмір Кәріпұлының туғанына 85 жыл (1941 ж.) | Қ.7, Т.1, І.17, Пп.22-23 |
| 43. | 6 мамыр | Жазушы, композитор және журналист Илья Жақановтың туғанына 90 жыл (1936) | 7-л/ф, Т.1, І.17, Пп.51-52 |
| 44. | 7 мамыр | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ЮНЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 574 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.4. Т.1П., І.442. Пп.1-9. |
| 45. | 12 мамыр | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Ғарышкер Т. Мұсабаевтың екінші ұшуы кезінде Қазақстан Республикасының ғылыми эксперименттері мен зерттеулерінің бағдарламасын дайындау жөніндегі Мемлекеттік комиссияны құру туралы» №217-ө өкімінің қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.4. Т.1. І.182. П.104. |
| 46. | 15 мамыр | «Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 30 жыл (1996 ж.) | Қ.58, Т.1, І.48, П.22 |
| 47. | 15 мамыр | Қазақстан Республикасы Президентінің «Төтенше жағдайларда электр энергиясының резервтік көздерін пайдалану туралы Ережені бекіту туралы» №2724 Жарлығының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.21. Т.1. І.93. Пп.14-20. |
| 48. | 17 мамыр | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағында 2000 жылға дейінгі кезеңде ұйымдасқан қылмысқа және қауіпті қылмыстардың өзге де түрлеріне қарсы күрестің бірлескен шараларының мемлекетаралық бағдарламасының өткізілгеніне 30 жыл (1996) | Қ.9. Т.1. І.153. Пп.59-81. |
| 49. | 19 мамыр | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің «Мемлекеттік авиация орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» № 428 қаулысының қабылданғанына 20 жыл (2006) | Қ.132. Т.1. І.565. П.31. |
| 50. | 23 мамыр | Қазақстан Республикасы Президентінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті туралы» №2996 Жарлығының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.91. Т.1. І.830. П.24. |
| 51. | 23 мамыр | Мемлекет қайраткері және дипломат Нәзір Төреқұловтың туғанына 120 жыл (1906 ж.) | Қ.4, Т.1, І.1813, П.217 |
| 52. | 29 мамыр | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан-Түрік үкіметаралық экономикалық комиссиясының екінші отырысын өткізу туралы» № 727 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.63. Т.1пр. І.429. Пп.94-95. |
| 53. | 29-30 мамыр | Астана қаласында «21 ғасырдағы кәсіптік және техникалық білім беру» тақырыбында халықаралық конференцияның өткізілгеніне 25 жыл (2001) | Қ.91. Т.1. І.829. П.97. |
| МАУСЫМ | |||
| 54. | 3 маусым | Республикалық төтенше эпидемияға қарсы комиссияның құрылғанына 30 жыл (1996 ж.) | Қ.55, Т.1, І.29, П.99 |
| 55. | 6 маусым | Қ.А. Ясауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің құрылғанына 35 жыл (1991 ж.) | Қ. 91, Т.1, І.578, П.154 |
| 56. | 6 маусым | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ақмола қаласындағы дипломатиялық миссияларға жер учаскелерін бөлу мәселелері туралы» №713 қаулысының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.4. Т.1П. І.447. Пп.27-28. |
| 57. | 11 маусым | Қазақстан Республикасындағы архив ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасының бекітілгеніне 25 жыл (2001 ж.) | Қ.48, Т.1, І.48, Пп.1-18 |
| 58. | 26 маусым | Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 4-ші жастар Дельфий ойындарын өткізу туралы» № 177-ө өкімінің қабылданғанына 20 жыл (2006) | Қ.133. Т.1. І.1295. П.77. |
| 59. | 28 маусым | Қазақстан тарихындағы тұңғыш «Баспасөз және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.54. Т.1. І.50. П.133. |
| ШІЛДЕ | |||
| 60. | 1 шілде | II Халықаралық музыка фестивалінің өткізілгеніне 20 жыл (2006) | Қ.2ЛП. Т.1. І.40. Пп.12-28. |
| 61. | 4 шілде | КСРО халық әртісі, әнші Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл (1926) | Қ.1ЛП. Т.1. І.8. П.1., Қ.4. Т.1. І.638. П.37-39 |
| 62. | 5 шілде | «Тәуелсіздіктің он жылдығы және егемен Қазақстанды құрудағы еліміздің Тұңғыш Президентінің рөлі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференцияның өткізілгеніне 25 жыл (2001) | Қ.9ЛП. Т.1. І.13. Пп.17-26. |
| 63. | 12 шілде | Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Канада Үкіметі арасындағы Сауда Келісімінің ратификацияланғанына 30 жыл (1996) | Қ.152. Т.1. І.84. Пп.1-36. |
| 64. | 17 шілде | Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдары туралы» №245-II Заңының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.87. Т.1. І.115. П.91. |
| 65. | 18 шілде | Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» №34-1 Заңының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.14. Т.1. І.86. Қ.145., Т.1. І.1., Пп.23-26. |
| 66. | 20 шілде | «Ақиқат» журналының шыға бастағанына 105 жыл (1921 ж.) | Қ.58, Т.1, І.53, П.106 |
| 67. | 25 шілде | Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілі туралы Ережені бекіту туралы» № 155 Жарлығының қабылданғанына 20 жыл (2006) | Қ.133. Т.1. І.1286., Пп.141-143. |
| ТАМЫЗ | |||
| 68. | 3 тамыз | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан-Британ техникалық университетін құру туралы» №1027 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.91. Т.1. І.815. Пп.84-85. |
| 69. | 7 тамыз | «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының тағайындалғанына 30 жыл (1996 ж.) | Қ.58, Т.1, І.82, Пп.144-147 |
| 70. | 15 тамыз | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Астана қаласының бас жоспары туралы» №1064 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.63. Т.1пр. І.430. П.123. |
| 71. | 22 тамыз | FM диапазонында қазақ тіліндегі радиобағдарламаларды таратудың басталғанына 30 жыл (1996 ж.) | Қ. 58, Т. 1, І. 53, Пп. 120-121 |
| 72. | 25 тамыз | Ақын Марфуға Айтқожинаның туғанына 90 жыл (1936) | |
| 73. | 27 тамыз | Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» №675 Жарлығының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.63. Т.1 пр. І.426. Пп.60-61. |
| 74. | 28 тамыз | Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аумақтық дамуының 2015 жылға дейінгі Стратегиясы туралы» Жарлығының қабылданғанына 20 жыл (2006) | Қ.133. Т.1. І.1286. Пп.144-177. |
| 75. | 29 тамыз | Қазақстан Республикасы Президентінің «Арал өңірін қолдау және дамыту жөніндегі шаралар туралы» №675 Жарлығының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.63. Т.1пр. І.430. Пп.169-170. |
| 76. | 29-30 тамыз | Алматы қаласында «21 ғасыр – ядролық қарудан азат әлемге қарай» тақырыбында халықаралық конференцияның өткізілгеніне 25 жыл (2001) | Қ.91. Т.1. І.871. П.149. |
| ҚЫРКҮЙЕК | |||
| 77. | 4 қыркүйек | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Құрманғазы Сағырбайұлы кесенесінің ашылуына арналған Астрахань облысындағы қазақ мәдениеті күндерін өткізу туралы» № 418-ө өкімінің қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.4. Т.1П. І.636. Пп.22-23. |
| 78. | 4 қыркүйек | Ақмола қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі ғимаратының салынғанына 30 жыл (1996 ж.) | Қ.4, Т.1п., І.637, Пп.25-26 |
| 79. | 16 қыркүйек | Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Жастар және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 30 жыл (1996 ж.) | Қ-25, Т 1, І.26, Пп.102-107 |
| 80. | 18 қыркүйек | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мәскеу Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісім туралы» № 1140 қаулысының шыққанына 30 жыл (1996 ж.) | Қ.58, Т.1, І.82, Пп. 131-133 |
| 81. | 22-25 қыркүйек | Рим Папасы Иоанн Павел II-нің Қазақстанға мемлекеттік сапарының өткеніне 25 жыл (2001) | Қ.91. Т.1. І.826. Пп.53-56. |
| 82. | 26 қыркүйек | «Электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер» республикалық семинарының өткізілгеніне 20 жыл (2006) | Қ.2ЛП. Т.1. І.65. Пп.1-8. |
| 83. | 27 қыркүйек | Молдова Республикасының төрелігі (арбитражы) мен Қазақ КСР Мемлекеттік төрелігі (арбитражы) арасындағы Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылғанына 35 жыл (1991 ж.) | Қ.7, Т.1, І.18, б.3, Пп.21-22 |
| ҚАЗАН | |||
| 84. | 3 қазан | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан әйелдерінің III Форумын өткізу туралы» № 1277 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.63. Т.1пр. І.431. Пп.83-86. Қ.91. Т.1. І. 817. Пп.6-7. |
| 85. | 7 қазан | Қазақтың халық музыканты, композитор, күйші-домбырашы, күйлердің авторы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 190 жыл (1836 ж.) | Қ.4, Т.1 п., І.467, Пп.115-121 |
| 86. | 8 қазан | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Біріккен Ұлттар Ұйымының серверінде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы бойынша ақпараттық деректер базасын қалыптастыру Қағидалары туралы» № 1295 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.63. Т.1пр. І.431. П.120. |
| 87. | 9 қазан | Композитор және қобызшы Ықылас Дүкенұлының туғанына 165 жыл (1861 ж.) | Қ.27, Т.1, І.5, Пп.12-17 |
| 88. | 9 қазан | Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған байқау және «Алтын сапа» республикалық көрме-байқауы туралы» № 194 Жарлығының қабылданғанына 20 жыл (2006) | Қ.133.Т.1. І.1286.Пп.235-240. |
| 89. | 12 қазан | Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хаттамасын бекіту туралы» № 201 Жарлығының қабылданғанына 20 жыл (2006) | Қ.133.Т.1.І.1287.Пп.25-46. |
| 90. | 15 қазан | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық авиация академиясының Әскери факультеті» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты» мемлекеттік мекемесі деп қайта атау туралы» № 1330 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.91. Т.1. І.817. П.74. |
| 91. | 20 қазан | Жоғары және орталық мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына қайта орналастыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комиссиясының дербес құрамының бекітілгеніне 30 жыл (1996 ж.) | Қ.43, Т.1, І.29, Пп.20-21 |
| 92. | 24 қазан | ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және архивтер комитетінің Орталық мемлекеттік архивінің құрылғанына 105 жыл (1921 ж.) | Қ.4, Т.1 п., І.471, Пп.26-31 |
| ҚАРАША | |||
| 93. | 6 қараша | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде әскери кафедра құру туралы» № 1403 қаулысының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.91. Т.1. І. 818. П.184. |
| 94. | 11 қараша | «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» тұжырымдамасының қабылданғанына 20 жыл (2006) | Қ.2.ЛП.Т.1. І.78.Пп.1-14 |
| 95. | 11 қараша | ҚР Ғылым министрлігі — Ғылым академиясының Шығыстану институтының құрылғанына 30 жыл (1996 ж.) | Қ.4, Т.1 п., І.473, Пп.73-76 |
| 96. | 20 қараша | Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі Тәжікстан Республикасының Үкіметіне берген мемлекеттік кредитті қайта құрылымдау туралы келісімнің қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.73. Т.1. І.555. Пп.64-69. |
| 97. | 26 қараша | Тәуелсіздік күніне арналған монументтің ашылғанына 30 жыл (1996 ж.) | Қ.27, Т.1, І.288, Пп. 30-37 |
| ЖЕЛТОҚСАН | |||
| 98. | 10 желтоқсан | «Қазақ Советтік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп қайта атау туралы» Қазақ КСР № 1000-ХII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1. Пп.18-19. |
| 99. | 10 желтоқсан | Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуі туралы» № 1001-ХII қаулысының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1. Пп.22-23. |
| 100. | 12 желтоқсан | Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау туралы» №540 Жарлығының шыққанына 35 жыл (1991 ж.) | Қ.5, Т.2, І.27, П.20 |
| 101. | 13 желтоқсан | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасы аумағының бөлінбейтіндігі туралы» Мәлімдемесінің (ҚР Жоғарғы Кеңесінің 7-сессиясында қабылданған) № 1005-XII қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1. Пп.30-31. |
| 102. | 14 желтоқсан | Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық туралы шарттың қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.73. Т.1. І.555. Пп.13-15. |
| 103. | 16 желтоқсан | Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының қабылданғанына 25 жыл (1991 ж.) | Қ.2, Т.1, І.1, Пп.44-54 |
| 104. | 17 желтоқсан | Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы» № 1009-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1., Пп.57-81. |
| 105. | 17 желтоқсан | Қазақстан Республикасының «Жер салығы туралы» № 1011-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1., Пп.86-116. |
| 106. | 19 желтоқсан | Қазақстан Республикасының «Жол қоры туралы» № 1014-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1., Пп.123-134. |
| 107. | 19 желтоқсан | ТМД қатысушы мемлекеттердің Білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің X мерейтойлық отырысының (Мәскеу қ.) өткізілгеніне 25 жыл (2001) | Қ.91. Т.1. І.873. Пп.69-80. |
| 108. | 20 желтоқсан | Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» № 1017-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1., Пп.156-192. |
| 109. | 20 желтоқсан | Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Украинаның шаруашылық, төрелік соттарының ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылғанына 35 жыл (1991 ж.) | Қ.7, Т.1, І.18, б.3, Пп.1-4 |
| 110. | 21 желтоқсан | Алматы Декларациясының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1а. Пп.53-55. |
| 111. | 23 желтоқсан | Қазақстан Республикасының «Кепіл туралы» № 1019-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1., Пп.197-232. |
| 112. | 23 желтоқсан | Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы концессиялар туралы» № 1021-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1. Пп.235-257. |
| 113. | 23 желтоқсан | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімнің ратификацияланғанына 35 жыл (1991 ж.) | Қ.2 Т.1 І.1а Пп.45-55 |
| 114. | 23 желтоқсан | Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина арасындағы Ядролық қаруға қатысты бірлескен шаралар туралы келісімнің ратификацияланғанына 35 жыл (1991 ж.) | Қ.2, Т.1, І.1а., Пп.56-60 |
| 115. | 24 желтоқсан | Қазақстан Республикасының «Қосылған құн салығы туралы» № 1041-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1а. Пп.87-101. |
| 116. | 24 желтоқсан | Қазақстан Республикасының «Акциздер туралы» № 1043-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1а. Пп.104-112. |
| 117. | 24 желтоқсан | Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің базасында Мемлекеттік сатып алу агенттігінің құрылғанына 30 жыл (1996 ж.) | Қ.58, Т.1, І.82, П.45 |
| 118. | 24 желтоқсан | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігін құру туралы» қаулысының шыққанына 35 жыл (1991 ж.) | Қ.2, Т.1, І.1а., Пп.193-194 |
| 119. | 24 желтоқсан | Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым туралы» № 1051-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1а. Пп.161-164. |
| 120. | 24 желтоқсан | Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық туралы» № 1047-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1а. Пп.125-132. |
| 121. | 24 желтоқсан | Қазақстан Республикасының «Кеден тарифі және бажы туралы» № 1049-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1а. Пп.135-158. |
| 122. | 24 желтоқсан | Қазақстан Республикасының «Азаматтардан алынатын мақсатты алым туралы» № 1055-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1а. Пп.173-176. |
| 123. | 24 желтоқсан | Қазақстан Республикасының «Тіркелген (ренталық) төлемдер туралы» № 1057-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1а. Пп.179-182. |
| 124. | 24 желтоқсан | Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» № 56-1 Заңының қабылданғанына 30 жыл (1996) | Қ.55. Т.1. І.47. Пп.1-18. |
| 125. | 25 желтоқсан | Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» № 1072-XII Заңының қабылданғанына 35 жыл (1991) | Қ.2. Т.1. І.1б. Пп.73-104. |
| 126. | 25 желтоқсан | Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Конституциялық комиссияның Төрағасы болып бекітілуіне 35 жыл (1991 ж.) | Қ.2, Т.1, І.1б., Пп.109-112 |
| 127. | 30 желтоқсан | Қазақстан Республикасы Президентінің «2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы» №751 Жарлығының қабылданғанына 25 жыл (2001) | Қ.91. Т.1. І.994 Пп. 27-46. |
| 128. | 31 желтоқсан | Қазақстан Республикасы Президентінің «Шетелде тұратын отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» № 3308 Жарлығының қабылданғанына 30 жыл (1996 ж.) | Қ.58, Т.1, І.48, Пп.45-52 |
