Орынборда Архив саласындағы Қазақстан – Ресей комиссиясының отырысы өтуде

Орынборда Архив саласындағы Қазақстан – Ресей комиссиясының отырысы өтуде.

Орынбор қаласында (Ресей Федерациясы) Архив саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Ресей комиссиясының 4-отырысы өтуде.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басшылығы және еліміздегі мемлекеттік архивтердің директорлары қатысуда.

Жиында 1927-1934 жылдар аралығындағы ашаршылық, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның рөлі бойынша бірлескен құжаттар жинағын дайындау мәселелер талқыланды. Сондай-ақ 1920-1960 жылдар аралығындағы Қазақстан мен Ресейдегі тың және тыңайған жерлерді игеру, 1931-1934 жылдары Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті Балалар комиссиясының материалдары негізінде жинақталған «Ресей өлкелеріндегі қазақ босқындары балаларының тағдыры туралы бірлескен құжаттар жинағын шығару туралы мәселелер келісілді.

Аталған іс-шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Нұрланова Сағила Есімсейітқызы «Архивті цифрландыру: дамудың жаңа траекториясы» тақырыбында баяндама жасап, аталған тақырып бойынша жан-жақты мәселелерді көтерді.