код тест каз






ҚР Ұлттық архивінің қорлары



Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қор көлемі: 1

+

1993 жылғы 28 қаңтарда он екінші шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясында қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының мәтіні.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі
Қор көлемі: 2487

+

1991-1995 жылдардағы құжаттар: Жоғарғы Кеңес төрағасының ресми сапарлары туралы есептер; Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) Парламентаралық Ассамблеясының, Халықаралық парламентаралық одақтың жұмысы туралы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінде шетелдік делегацияларды, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерін қабылдауды өткізу туралы құжаттар; депутаттық сауалдар бойынша құжаттар; Қазақстан Республикасының министрліктерімен, ведомстволарымен, шет мемлекеттердің өкілдіктерімен парламентаралық байланыстар мәселелері, азаматтардың өтініштері бойынша және т. б. хат-хабарлар.
15.03.1995 ж. бастап 30.12.1995 ж. дейінгі заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары.
1992-1995 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: ҚР Жоғарғы Кеңесі Төрағасының, ҚР Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасарының, ҚР Жоғарғы Кеңесі Аппараты Басшысының, ҚР Жоғарғы Кеңесі Бақылау Палатасы Төрағасының, Жеке құрам бойынша Уақытша Жұмыс Аппараты Басшысының өкімдері, депутаттар мен ҚР Жоғарғы Кеңесі және Орталық сайлау комиссиясы Аппаратының қызметкерлеріне жалақының болуы бойынша жеке шоттар, депутаттар мен ҚР Жоғарғы Кеңесі комитетінің қызметкеріне жалақы есептеу бойынша жеке шоттар, шарттар бойынша жұмыс істейтіндерге жалақы есептеу бойынша жеке шоттар, депутаттардың көмекшісіне жалақы есептеу бойынша жеке шоттар.
1992-1995 жылдардағы жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істері.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
Қор көлемі: 1275 (3763)

+

1988-2015 жылдардағы құжаттар: ОСК отырыстарының хаттамалары, қаулылары.
1998-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөніндегі құжаттар.
1996-1998 жылдардағы ҚР Парламенті депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы облыстық сайлау комиссияларының хаттамалары, ОСК өкімдері, іссапарлар туралы есептер, жоғары мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен хат-хабарлар.
Облыстардың сайлау учаскелерінің саны мен учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы мәліметтер. Депутаттыққа кандидаттар ұсыну, қайта сайлауды және ҚР Парламенті депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізу туралы құжаттар. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің байқаушыларымен жұмыс істеу жөніндегі құжаттар.
Қазақстан Республикасының Президентін сайлау бойынша сайлау құжаттарының нысандары мен үлгілерін белгілеу туралы құжаттар.
Депутаттыққа кандидаттардың есепке алу карточкалары.
1999-2001 жылдардағы азаматтардың өтініштері және оларға жауаптар.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты)
Қор көлемі: 22084 (5333-фоно, 95-эл.құж.)

+

1994-2014 жылдардағы құжаттар: қаулылар (1994-2007 жылдар), өкімдер, Қазақстан Республикасы Үкіметі отырыстарының хаттамалары және оларға құжаттар; Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларына қорытындылар; отырыстардың, кеңестердің, кездесулердің, баспасөз мәслихаттарының стенограммалары, хат-хабарлар; өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы қаулылардың орындалу барысы туралы құжаттар және т. б.
2005-2010 жылдардағы Үкімет отырыстарының аудиожазбалары (магниттік таспалар).
1994-1996 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: бұйрықтардың көшірмелері, жалақы есептеу бойынша жеке шоттар, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке карточкалары.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты
Қор көлемі: 333

+

1992-1995 жылдардағы құжаттар: Конституциялық Соттың қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің, Жоғарғы Кеңесінің және Министрлер Кабинетінің Заңдары, Жарлықтары, қаулылары; Сот отырыстарының хаттамалары, қаулылары және оларға құжаттар; Сот қабылдаған ұйғарымдар; Соттың қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Аппаратымен, Министрлер Кабинетімен, Жоғарғы Кеңесімен хат-хабарлар; жылдық бухгалтерлік есептер; штаттық кестелер және оларға құжаттар; келіп түскен талап-арыздарды (ұсынымдарды) есепке алу картотекасы; талап-арыз құжаттарын қарау нәтижелері туралы мәліметтер; судьялардың жеке істері; конституциялық сот ісін жүргізу істері; ұйымдар мен азаматтардың шағымдары, өтініштері.
Жеке құрам бойынша құжаттар: Сот Төрағасы мен Төраға орынбасарының жеке құрам бойынша өкімдері; судьялар мен Сот Аппараты қызметкерлерінің жалақысы бойынша жеке шоттары; Аппараттың жұмыстан босатылған қызметкерлерінің жеке істері.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Қор көлемі: 2794 (25211)

+

1992-2012 жылдардағы құжаттар: Сот жұмысы және кадр мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, ҚР Парламенті мен Министрлер Кабинетінің Жарлықтары, қаулылары, өкімдері және басқа да нормативтік актілері; ҚР Жоғарғы Соты Пленумының (Пленарлық отырыс) және Президиумының (Қадағалау алқасының); ҚР Жоғарғы Сотының бірінші инстанциясы бойынша қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының; ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істері бойынша жазаның ең жоғары түріне (ату жазасына) сотталғандарға қатысты құжаттар; өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қатысты қаралған қылмыстық істер бойынша; ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының; ҚР Жоғарғы Сотының Республикалық тәртіптік-біліктілік судьялар алқасының (РТБСА); ҚР Жоғарғы Сотының кассациялық және қадағалау инстанциясында қаралған шаруашылық істер жөніндегі сот алқасының құжаттары; негізгі қызмет бойынша Президент Әкімшілігімен, ҚР Президентінің Аппаратымен, ҚР Үкіметімен, ҚР Парламентімен, ҚР Министрлер Кабинетімен, прокуратура органдарымен, ҚР Әділет министрлігімен, ҚР ІІМ, ҚР СІМ, ҚР ҰҚК және басқа да министрліктермен және облыстық соттармен хат-хабарлар; ҚР Жоғарғы Сотының жұмыс жоспарлары мен іс-шаралары; істер тізімдері, күн тәртібі, ҚР Жоғарғы Соты Президиумының, Пленумының қылмыстық, азаматтық істер және жалпы мәселелер жөніндегі отырыстарының хаттамалары; ҚР Жоғарғы Соты жанындағы тұрақты жұмыс істейтін ғылыми-консультативтік Кеңестің хаттамалары; қылмыстық және азаматтық істер мен оларға материалдар, қылмыстық және азаматтық істер бойынша бақылау және қадағалау өндірісі; 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары бойынша қадағалау өндірістері; Жоғарғы Сот Аппаратының штаттық кестелері, шығыстар сметалары; жылдық бухгалтерлік есептер
Қазақстан Республикасының Жоғары төрелік соты
Қор көлемі: 91

+

1992-1995 жылдардағы құжаттар: Жоғары төрелік соттың қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі мен Министрлер Кабинетінің қаулылары; төрелік практиканы талдау мәселелері бойынша Министрлер Кабинетімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Аппаратымен хат-хабарлар; шешімдердің заңдылығын қадағалау жөніндегі Сот алқасының отырыс хаттамалары мен қаулылары; негізгі қызмет бойынша бұйрықтар; жұмыс жоспарлары; Соттың және облыстық төрелік соттардың жылдық есептері; Соттың штаттық кестелері мен сметалары; Соттың және облыстық төрелік соттардың қызметінің негізгі бағыттары бойынша құжаттар; ТМД елдерінің төрелік соттарымен ынтымақтастық туралы шарттар.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Қор көлемі: 13603 (13694)

+

1992-2014 жылдардағы құжаттар: Әділет министрлігі алқасы отырыстарының қаулылары мен хаттамалары; ҚР ӘМ жүргізген сот, нотариаттық, адвокаттық практиканы зерделеу және жинақтау жөніндегі құжаттар;
ҚР ӘМ туралы Ереже; ҚР Президентінің Әкімшілігімен, ҚР Парламентімен және Үкіметімен хат-хабарлар; ҚР ӘМ алқасы отырыстарының хаттамалары; жылдық статистикалық есептер; нормативтік жобаларға құқықтық сараптама жасау бойынша соттар мен әділет басқармаларының жұмысын тексеру құжаттары; құқықтық ынтымақтастық туралы шарттар, келісімдер және конвенциялар; әділет біліктілік алқасы отырыстарының хаттамалары; орталық аппараттың штаттық кестелері; шығыстар сметалары және т. б.;
ҚР ӘМ алқасы отырыстарының хаттамалары; негізгі қызмет бойынша бұйрықтар; ҚР ӘМ орталық аппараты бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жылдық есеп; ҚР ӘМ жүйесі бойынша қосымшалары бар жылдық теңгерімдер; салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша есептер; сметаның орындалуы туралы қаржылық есептер; ҚР ӘМ қызметі процесінде құрылған нормативтік-құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың жобаларына құқықтық сараптама жөніндегі құжаттар және лицензиялық істер және т. б.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қор көлемі: 1719

+

1991-2012 жылдардағы құжаттар: Бас прокуратура алқасы отырыстарының хаттамалары; жұмыс жоспарлары; прокурорлық қадағалау, қылмыстық-азаматтық сот практикасы бойынша жұмысты көрсететін шолулар, анықтамалар, талдаулар, жинақтаулар, ақпараттық хаттар; прокуратура органдарының қызметі мәселелері бойынша Жоғарғы Кеңеспен, Министрлер Кабинетімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Аппаратымен хат-хабарлар; заң бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынымдар; заңдарға қайшы келетін актілерге қадағалау тәртібімен наразылықтар; мемлекетаралық және ведомствоаралық келісімдердің және өзге де құқықтық актілердің жобаларына ескертулер, ұсыныстар; облыстық прокуратуралардың жұмысын тексеру туралы анықтамалар; штаттық кестелер; жылдық теңгерім; жылдық жұмыс жоспарлары, қаржылық есептер, шығыстар сметалары; «Прокуратура органдарының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттау туралы ұсынымдар, мінездемелер және т. б.
Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі
Қор көлемі: 2539

+

1991-2002 жылдардағы құжаттар: негізгі көрсеткіштер, индикативтік жоспарлардың жобалары, Республиканың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық даму болжамдары; Қазақстан; экономикалық ынтымақтастық және шетелдік инвестициялар жөніндегі келісімдер; сыртқы экономикалық байланыстар бойынша шет елдермен хат-хабарлар және т. б.
1997 жылғы қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы құжаттар;
1991-2002 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: бұйрықтар, жалақы есептеу бойынша жеке шоттар; зейнетақы тағайындау туралы, мемлекеттік қызметшілердің біліктілік сыныптарын беру туралы құжаттар, жұмыстан босатылғандардың жеке істері.
«Эйр Қазақстан» жабық акционерлік қоғамы
Қор көлемі: 5420 (9678)

+

1996-2007 жылдардағы құжаттар: «Эйр Қазақстан» ЖАҚ акционерлер жиналысының, Директорлар кеңесінің, Басқармасының хаттамалары. Конкурстық іс жүргізу құжаттары.
1997-2007 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: бұйрықтар (жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, ауыстыру туралы (1996-2004 жылдар үшін бір іске біріктірілген), жеке шоттар, ЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын аудару бойынша құжаттар (төлем тапсырмалары, жеке тұлғалардың тізімдері), өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру актілері, қызметкерлермен жеке еңбек шарттары, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке карточкалары.
«Асар» республикалық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі
Қор көлемі: 825

+

2003-2006 жылдардағы құжаттар: съездердің, конференциялардың, отырыстардың хаттамалары және Саяси және Орталық кеңестердің шешімдері, партия Көшбасшысының сөз сөйлеу мәтіндері, үндеулері; бастауыш ұйымдардың конференцияларының, кеңестерінің, дөңгелек үстелдерінің хаттамалары, облыстық филиалдар мен өкілдіктердің ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен хат-хабарлары.
2003 — 2006 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: бұйрықтар (жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, ауыстыру туралы (2003-2004 жылдар үшін бір іске біріктірілген), есеп айырысу-төлем тізімдемелері, 2004-2005 жылдардағы ЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын аудару бойынша құжаттар (төлем тапсырмалары, жеке тұлғалардың тізімдері), жеке істер, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке карточкалары (Т-2 н.).
Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі
Қор көлемі: 251

+

1996-2001 жылдардағы құжаттар: алқа отырысының хаттамасы; Агенттіктің негізгі қызметі бойынша жоғары тұрған ұйымдармен, министрліктермен және ведомстволармен хат-хабарлар және т. б.
«Инвестордың құқықтарын қорғау туралы конвенция» жобасын әзірлеу туралы ҚР Үкіметінің тапсырмалары, ҚР-да пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге лицензия алу құқығына инвестициялық бағдарламалар конкурсын өткізу тәртібі туралы ережелер, төрағаның бұйрықтары, ҚР Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінде келісімшарттар дайындау жөніндегі жұмыс топтарының төрағаларымен кеңес хаттамалары, жиынтық-статистикалық есеп, депутаттардың сауалдары, негізгі қызмет бойынша құжаттар.
1996-2001 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: бұйрықтар, қаулылар; жалақы есептеу бойынша жеке шоттар; жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істері.
Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қор көлемі: 1304 (2380)

+

1992-1996 жылдардағы құжаттар: Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, Министрлік туралы ереже, Алқа отырыстарының хаттамалары және оның шешімдері, Министрліктің негізгі қызмет бойынша бұйрықтары.
Негізгі қызмет бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетімен, ведомстволармен, ұйымдармен хат-хабарлар.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мекемелері қызметінің барлық бағыттары бойынша жылдық статистикалық, қаржылық есептер, Зейнетақы қоры бюджетінің орындалуы, Зейнетақы қорының мөлшері және оның бөлінуі бойынша есептер, жұмыс жоспарлары, штаттық кесте.
Республика бойынша зейнеткерлер саны және олардың ай сайынғы зейнетақы сомалары, жалғызбасты және аз қамтылған азаматтарға көмек, мүгедектерді протездеу туралы, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін марапаттау туралы құжаттар, дербес зейнеткерлердің жеке істері (1991-1996 жж. үшін)
Жеке құрам бойынша құжаттар: жеке құрам бойынша бұйрықтар, жалақы есептеу тізімдемелері, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істері.
Қазақстан Республикасының Сауда министрлігі
Қор көлемі: 85

+

1992-1994 жылдардағы құжаттар: Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетіне, Жоғарғы Кеңесіне енгізілетін Сауда министрлігінің сөз сөйлеулері, ақпараттары, ұсыныстары; экспорт және импорт бойынша республиканың сауда ұйымдарымен алқа отырыстарының, кеңейтілген отырыстардың материалдары; Мемлекеттік сауданы дамытудың республикалық ғылыми-техникалық бағдарламалары және т. б.
1992-1994 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: Министрлік пен әскерилендірілген күзеттің аумақтық инспекциясының бұйрықтары; Министрлік қызметкерлеріне жалақы есептеу тізімдемелері. 1985-1992 жылдардағы жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істері.
1993-1994 жылдардағы ҚХР өкілдігінің қызметшілеріне жалақы есептеу тізімдемелері бар.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі
Қор көлемі: 122

+

1991-1997 жылдардағы құжаттар: Министрліктің қаржылық қызметі туралы, өнімдерді экспорттау және импорттау бойынша шет елдермен ынтымақтастық туралы және т. б.
1991-1997 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттар: Министрлік пен әскерилендірілген күзеттің аумақтық инспекциясының бұйрықтары; Министрлік қызметкерлеріне жалақы есептеу тізімдемелері, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке карточкалары.
1995 жылғы ҚХР өкілдігінің қызметкерлеріне және ҚХР-дағы Қазақстан Республикасы сауда өкілдігінің қызметкерлеріне жалақы есептеу тізімдемелері бар.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қор көлемі: 4073 (4280)

+

1992-2014 жылдардағы құжаттар: негізгі қызмет бойынша бұйрықтар; Министрлік алқасы отырыстарының қаулылары мен хаттамалары және оларға құжаттар; нарықтық құрылымдарды жетілдіру мәселелері бойынша қаулылардың, нормативтік құқықтық актілердің жобалары; нарықтық қайта құрулар мәселелері бойынша республикалық кеңестердің материалдары; ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және дайындау бойынша, тамақ өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша құжаттар; мал шаруашылығының жай-күйі мен оны дамыту жөніндегі шаралар туралы хат-хабарлар, асыл тұқымды іс, ветеринария мәселелері бойынша құжаттар; қаржыландыру мен күрделі салымдардың жылдық жоспарлары, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жиынтық жылдық есептері және т. б. 1996-2003 жылдардағы жобалық құжаттама (ауыл шаруашылығы саласындағы мынадай жобаларды: «Ирригация мен дренажды жақсарту», «Су ресурстарын басқару және жерлерді қалпына келтіру», «Қазақстан Республикасында ауылдық табыстарды арттыру» жүзеге асыру жөніндегі құжаттар кешені).
1997-2007 жылдардағы конкурстық құжаттама.
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі)
Қор көлемі: 1310

+

Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінің 1992-2002 жылдардағы құжаттары: министрлік алқаларының, кеңестерінің хаттамалары; экология және табиғи ресурстарды қорғау проблемалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен, министрліктермен, ведомстволармен хат-хабарлар; сөз сөйлеу мәтіндері; шетелдік фирмалардың техникалық көмегі бойынша баяндамалар және т.б.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 1997-1998 жылдардағы құжаттары: штаттық кесте, жылдық бухгалтерлік есептер, инвестициялық жобалардың құжаттары, экология және табиғи ресурстар проблемалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен хат-хабарлар;
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 1999-2002 жылдардағы құжаттары: негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, Министрліктің жылдық шығыстар мен кірістер сметалары, мониторинг бойынша есептер, жылдық қаржылық және статистикалық есептер, экология және қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен хат-хабарлар;
1997-2002 жылдардағы ғылыми-зерттеу жұмысының есептері.
Қазақстан Республикасының Көлік құрылысы министрлігі
Қор көлемі: 22

+

1992-1993 жылдардағы құжаттар: қаулылар, министрлік алқасы отырыстарының хаттамалары; Министрдегі кеңестердің хаттамалары; автожолдарды салу, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша жоғары тұрған ұйымдармен хат-хабарлар және т. б.
Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігі
Қор көлемі: 77

+

1992-1994 жылдардағы құжаттар: отырыстардың хаттамалары, министрлік алқасының қаулылары, Министрдегі кеңестердің хаттамалары; халықаралық ынтымақтастық жоспарларына ұсыныстар және оларды қарау бойынша хат-хабарлар; электр байланысы объектілерінің жобаларына сараптамалық қорытындылар және т. б.
Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі
Қор көлемі: 95 (1504)

+

1992-1997 жылдардағы құжаттар: сметалық-шарттық құжаттама; күрделі құрылысқа учаскелер бөлу жөніндегі жерге орналастыру істеріне қорытындылар; құрылыс, ғылыми-зерттеу жұмыстарын енгізу және тәжірибелік жобалау мәселелері бойынша жоғары тұрған ұйымдармен, министрліктермен, ведомстволармен хат-хабарлар және т. б.
Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі
Қор көлемі: 524

+

1991-1996 жылдардағы құжаттар: техникалық кеңестердің, Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі орталық комиссия секциясының отырыс хаттамалары; геофизикалық жұмыстарды ұйымдастыру, мемлекеттің жер қойнауын қорғау туралы, сыртқы экономикалық байланыстар бойынша жоғары тұрған ұйымдармен, министрліктермен, ведомстволармен хат-хабарлар және т. б.
1991-1996 жж. жеке құрам бойынша құжаттар: жеке құрам бойынша бұйрықтар, Министрлік қызметкерлеріне жалақы есептеу бойынша карточкалар, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке карточкалары.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Қор көлемі: 2113

+

1992-2015 жылдардағы құжаттар: алқа қаулылары және оларға құжаттар, негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, денсаулық сақтау мәселелері бойынша халықаралық келісімдер; халықаралық симпозиумдарға, конференцияларға қатысу туралы, медициналық, мамандандырылған көмек көрсету, ана мен бала денсаулығын қорғау, денсаулық сақтау қызметкерлерін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» атағына ұсыну туралы құжаттар және т. б.
Қазақстан Республикасының Білім министрлігі
Қор көлемі: 498

+

1992-2015 жылдардағы құжаттар: алқа отырыстарының хаттамалары және оларға құжаттар; талапкерлерді ЖОО мен арнаулы орта оқу орындарына қабылдау жоспарлары; оқушыларды кәсіби оқыту және жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттардың материалдық базасы туралы есептер, жалпы білім беретін мектептердің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, педагогикалық қызметкерлердің саны мен құрамы туралы есептер: қызметкерлерді марапаттау туралы құжаттар және т. б.
Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі
Қор көлемі: 131

+

1997-1999 жылдардағы құжаттар: аппараттық кеңестердің хаттамалары, мәдениет, білім, денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы, Астана қаласының елорда ретіндегі тұсаукесерін өткізу туралы, сала қызметкерлерін марапаттау туралы құжаттар; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Стратегия — 2030» Жолдауын түсіндіру және іске асыру жөніндегі Министрліктің жұмысы туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурс өткізу туралы, «Болашақ» бағдарламасын іске асыру туралы ақпараттар; «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімдері және т. б.
Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі
Қор көлемі: 52 (3318)

+