Инженерлік-техникалық бөлім

Инженерлік-техникалық бөлім Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімнің негізгі міндеттері:
• ғимарат пен арнайы жабдықтардың нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету;
• архивтік құжаттарды сақтау технологиясының сақталуын, олардың сақталуы мен пайдаланылуын қамтамасыз ету;
• Ұлттық архивтің пайдалану-техникалық қызметінің штаттан тыс қызметкерлері жүзеге асыратын ғимарат пен жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі пайдалану-техникалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге басшылық жасау;
• ғимараттың тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері мен арнайы технологиялық жабдықтарды ұтымды пайдалануды жоспарлау;
• ғимараттың тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері мен жабдықтарын жаңғырту, сондай-ақ оларды пайдалану барысында заманауи технологияларды енгізу және қолдану.

Жүктелген міндеттерге сәйкес бөлім мынадай функцияларды жүзеге асырады:
• электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз, желдету және автоматты өрт сөндіру жүйелерінің сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
• жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, желдету, ауа баптау, өрт дабылы, газбен және спринклерлік өрт сөндіру жүйелерінің жұмысын бақылауды жүзеге асырады;
• инженерлік жүйелер мен жабдықтарға уақтылы техникалық қызмет көрсетуді, профилактикалық және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
• инженерлік жүйелер мен электрмен жабдықтау жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қамтамасыз етеді;
• ғимараттың технологиялық жабдықтарының тәулік бойы пайдаланылуын ұйымдастыруды және олардың жұмысына бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
• архив қоймаларында архивтік құжаттарды сақтау үшін белгіленген температуралық-ылғалдылық режимінің нормативтік параметрлерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
• электр энергиясы, жылу энергиясы және су шығынының күнделікті есебін жүргізеді;
• қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларының қамтамасыз етілуін, олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын бақылайды;
• Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғимаратты күтіп-ұстау және жабдықтарды пайдалану мәселелері бойынша уәкілетті органдардың нұсқамаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
• Ұлттық архивтің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп эвакуациялау жоспарларын және төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл жоспарларын әзірлейді және келіседі;
• Ұлттық архив қызметкерлеріне еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес нұсқама өткізеді;
• Ұлттық архивті қаржыландырудың жылдық және перспективалық жоспарлауы шеңберінде бюджеттік өтінімді қалыптастыру үшін техникалық тапсырмаларды, есептеулерді, негіздемелерді әзірлейді және техникалық құжаттаманы дайындайды;
• инженерлік жүйелерді жаңғырту, энергия тиімді технологияларды енгізу және ғимарат пен жабдықтарды пайдаланудың сенімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысады.