Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауынан:

2028 жылға дейін әйелдер үшін зейнет жасы 61 жас болады. Зейнетақы жүйесі қайта жасақталады.

✍? Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі балалардың арнайы есепшотына аудару ұсынылды. Шоттағы қаржыны тек 18 жасқа толғаннан кейін, баспана немесе білім алу мақсатында ғана шешуге болады.

✍? Бала күтіміне байланысты жәрдемақы бала бір жарым жасқа келгенге дейін төленетін болады (2023 жылдан бастап).

✍? Жоғары білім алу үшін жылына 2-3

пайызбен жеңілдетілген несие беріледі.

✍? Биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауы өткізіледі.

✍? Президент мандатының ұзақтығын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу ұсынылды.

✍? Келесі жылы Мәжіліс және мәслихат сайлауы өтеді (Болашақта Үкіметтің құрамына сайлаушылардың басым көпшілігінің дауыстарын алған саяси күштердің ғана емес, Парламенттегі басқа да партиялардың өкілдері кіреді).

✍? Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасалады.

✍? Көліктік утиль алым мен алғашқы есепке тіркеу алымы 250 мың теңгеден аспайтын болады (1 қыркүйекке дейін кірген көліктер үшін)

✍? Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтерілетін болады.

✍? Ең төменгі жалақы деңгейі 60 мың теңгеден, 70 мың теңгеге көтеріледі. Бұл – 1,8 млн адамды тікелей қамтиды.