Алматыда «Еңселі тарихы бар елім менің» атты тарихи-құжаттық көрме өтуде

Бүгін Алматы қаласының Мемлекеттік архивінде Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңдерін қамтитын «Еңселі тарихы бар елім менің» атты бірлескен тақырыптық тарихи-құжаттық көрме өтуде.

Көрмені Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві мен Алматы қаласының Мемлекеттік архиві бірлесіп ұйымдастырды. Экспозицияға екі архив қорынан алынған бірегей құжаттар, тарихи фотосуреттер мен түпнұсқа деректер қойылып, еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасы, мемлекеттік тәуелсіздік жолы және ұлттық тарихтың сабақтастығы көрініс тапқан.

Іс-шараға Ұлттық архив директорының орынбасары Сауле Мушкенова мен архив қызметкері Сандуғаш Сапашева қатысуда.

Тарихи құжаттар арқылы ел жадын жаңғыртатын көрме ұлттық мұраны насихаттауға және тарихи сананы нығайтуға бағытталған.