

Ұлттық архив – ғылыми ізденістің маңызды алаңы
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің «Қазақстан тарихы» кабинетінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанттарымен кездесу өтті.
Кездесуге Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова қатысып, зерттеушілерге архивтің қызметі, қорлардағы тарихи құжаттар және ғылыми-зерттеу жұмыстарына ұсынылатын мүмкіндіктер туралы айтып берді.
Болашақ ғалымдар архивтің жұмысымен танысып, тарихи деректермен жұмыс істеудің маңызы мен зерттеу үдерісіндегі архив құжаттарының орны жөнінде пікір алмасты.
Сағила Нұрланова докторанттарды Ұлттық архив қорларындағы құнды деректерді ғылыми айналымға енгізуге шақырып, алдағы уақытта архив пен университет арасында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға ұсыныс білдірді.
Мұндай кездесулер архив пен ғылыми ортаның байланысын нығайтып, зерттеушілердің тарихи деректермен жұмыс істеуіне жаңа мүмкіндіктер ашады.


