Қазақстан – Қырғызстан: архив саласындағы тәжірибе алмасу
17 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде Қырғыз Республикасы Президентінің архиві делегациясымен мазмұнды әрі нәтижелі кездесу өтті.
Іс-шараға Қырғыз Республикасы Президенті архивінің меңгерушісі Салиман Малдыбаева және Аудиовизуалды құжаттар мен ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі Анара Тазабекова қатысты. Қырғызстандық әріптестерді Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова және архив қызметкерлері қарсы алып, екіжақты жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында архив ісін дамыту, құжаттарды цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу, электрондық құжаттарды ұзақ мерзімді сақтау және кәсіби тәжірибе алмасу мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесудің практикалық бөлігінде қырғызстандық әріптестер Ұлттық архивтің негізгі жұмыс бағыттарымен танысты. Делегация мүшелері құжаттарды цифрландыру үдерісін, құжаттарды қалпына келтіру зертханасын, архив қоймаларын, архив құжаттарына арналған қораптар дайындайтын цехты, оқу залын аралап, архив қорларын сақтау мен пайдаланудың заманауи тәсілдерімен танысты.
Кездесу барысында екі ел архившілері өзара тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қазақ пен қырғыз – тамыры бір, тарихы ортақ, тағдыры сабақтас бауырлас халықтар. Бұл жақындық архив саласындағы кәсіби ынтымақтастықтан да өз көрінісін тауып келеді.
Бүгінгі кездесу – екі ел архив мекемелері арасындағы өзара түсіністік пен тәжірибе алмасуды одан әрі нығайта түсетін маңызды кәсіби алаң болды.