![]()
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары
Бөлім Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік орталықтандырылған есебін жүргізуді ұйымдастыру, есептік мәліметтердің толықтығын, дұрыстығын және өзектілігін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарады.
Бөлімнің негізгі функциялары:
• Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының Мемлекеттік қор каталогын жүргізу;
• архивтер мен архив қорлары туралы мәліметтерді электрондық деректер базасына енгізу және өзектендіру;
• облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтер ұсынатын архив паспорттарындағы мәліметтерді енгізу және өңдеу;
• архив қорларының құрамы мен көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтерді есепке алу және электрондық деректер базасына енгізу;
• мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтер ұсынатын қор карточкалары негізінде қор каталогын жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру;
• архив паспорттары негізінде мемлекеттік архивтердің жиынтық паспортын жасау;
• арнайы мемлекеттік архивтерде сақталатын Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының деректер базасын жүргізу;
• есептік құжаттарға өзгерістердің уақтылы енгізілуін және олардағы мәліметтердің дұрыстығын бақылау.
• «Мәңгілік жадымызда – Вечная память» Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған порталды іске асыруды және сүйемелдеуді жүзеге асырады, сондай-ақ оның деректер базасын толықтыру және өзектендіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізеді.
