Мерейлі мерейтой құтты болсын!

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві директорының орынбасары Сәуле Несіпбайқызының мерейлі мерейтойы!

Сәуле Несіпбайқызының Ұлттық архивтегі еңбек жолы – адал қызметтің, кәсіби ізденістің және табанды еңбектің өнегелі үлгісі. Қарапайым қызметкерден бастап бөлім басшысы, кейін директордың орынбасары деңгейіне дейін көтерілген ол өзінің біліктілігімен, жауапкершілігімен және іскерлік қасиеттерімен ұжым арасында зор құрметке ие болды.

Ұзақ жылдар бойы архив саласының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан Сәуле Несіпбайқызы – өз ісін жетік меңгерген білікті маман, қабілетті ұйымдастырушы, талап пен тәртіпті қатар ұстанатын басшы. Кәсіби тәжірибесі мен мол білімі, байыпты ұстанымы мен байсалды болмысы талай жылдар бойы әріптестеріне үлгі болып келеді.

Оның еңбек жолындағы әрбір белес – кәсібіне деген адалдық пен жауапкершіліктің, ортақ іске деген жанашырлықтың айқын көрінісі. Ұлттық архивтің бүгінгі жетістіктері мен қалыптасу жолында Сәуле Несіпбайқызының да өзіндік қолтаңбасы бар.

Осы айтулы күні Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыс тілейміз! Абыройыңыз асқақтап, мерейіңіз үстем болсын! Әр күніңіз қуанышқа, әрбір бастаған ісіңіз берекеге толы болғай!

Мерейтойыңыз құтты болсын!