10 тамыз — Абай күні

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күні.

Абайдың шығармашылық мұрасы — халқымыздың рухани қазынасы, ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетіміздің асыл арқауы. Ұлы ойшылдың білім мен ғылымды, еңбек пен адамгершілікті, әділет пен ел бірлігін дәріптеген тағылымды ойлары бүгінгі ұрпақ үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Абай мұрасы — ұлттың рухани шамшырағы, ұрпаққа аманат болған асыл қазына.

ҚР Ұлттық архиві барша қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтайды!