Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

«Архивтер: цифрлық трансформация, конституциялық құндылықтар, тарихи мұра» тақырыбындағы ауқымды жиын архив ісінің бүгіні мен болашағын тоғыстырған маңызды алаңға айналды.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Сондай-ақ Ұлттық архивтің бірқатар қызметкерлері мен архив саласының ардагерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттады.

Конференцияға Қазақстан мен шетелдің архив мекемелерінің басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші ғалымдар мен сала мамандары қатысып, архивтердің цифрлық трансформациясы, жасанды интеллект технологияларын енгізу, халықаралық ынтымақтастық және тарихи мұраны сақтау мәселелерін талқылады.

Іс-шара аясында «Архив: өткен мен болашақты жалғаған 20 жыл» құжаттық көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 4 тамыздағы № 1389 Жарлығына сәйкес:

— «Құрмет» орденімен ҚР Ұлттық архиві директорының орынбасары Мушкенова Сәуле Несіпбайқызы наградталды;

— «Ерен еңбегі үшін» медалімен ҚР Ұлттық архивінің ардагері Есмұханова Майра Қайырбайқызы наградталды;

— «Ерен еңбегі үшін» медалімен Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Нұртазина Маржан Ермекқызы наградталды;

— «Ерен еңбегі үшін» медалімен Мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығының басшысы Керімтаева Әсия Заманбекқызы наградталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің:

— «Құрмет грамотасымен» ҚР Ұлттық архиві директорының орынбасары Кусаинова Тұрсынгүл Жағыпарқызы марапатталды;

— «Құрмет грамотасымен» Жеке тектік құжаттармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Хайруллина Гаухар Әлімқызы марапатталды;

Қазақстан Республикасы Президентінің:

— «Алғысы және төсбелгісімен» ҚР Ұлттық архивінің директоры Нұрланова Сағила Есімсейітқызы марапатталды;

— «Алғысымен» Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесінің басшысы Жанатаева Шолпан Әсілқызы марапатталды;

— «Алғысымен» Құжаттарға есеп жүргізу және оларға ғылыми анықтамалық аппарат жасау бөлімінің басшысы Шагиева Айгүл Үмітқызы марапатталды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградаларымен:

— «Еңбек ардагері» медалімен ҚР Ұлттық архивінің ардагері Бекбаев Койше Бекбайұы марапатталды;

— «Еңбек ардагері» медалімен ҚР Ұлттық архивінің ардагері Болташев Жәлел Асхатұлы марапатталды.