Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің
құқықтық, кадр жұмысы және мемлекеттік сатып алу бөлімі
Құқықтық, кадр жұмысы бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Жарғысын, директордың бұйрықтары мен нұсқауларын басшылыққа алады.
Бөлімнің негізгі міндеттері: Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің құзыретіне қатысты мәселелерді құқықтық реттеу, құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру, Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің құқықтық сараптамасына қатысу, кадрлық және құжаттамалық қамтамасыз ету, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеу, құжаттардың орындалуын бақылау, қызметкерлердің еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін сақтауын бақылау.