Нұрланова Сағила Есімсейітқызы

Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры

1968 жылы 28 мамырда Ақмола облысы Қорғалжын ауданында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын Ақмола аграрлық университетінде оқытушы болып бастады. 1998 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қызметін Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Жалпы бөлімінде аға маман болып бастап, сектор меңгерушісіне дейін жеткен. Президент Әкімшілігінде 23 жылға жуық құжаттармен қамтамасыз ету саласында, құжаттау, архив мәселелері және іс жүргізу процестерін оңтайландыру, автоматтандыру бағытында жұмыстар атқарған. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің директоры қызметін атқаруда.

Марапаттар:
— 2015 жылы мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен;
— 2020 жылы Президент әкімшілігінің ведомстволық наградасы «Мінсіз қызметі үшін» медалімен;

— 2021 жылы мемлекеттік награда – «Құрмет орденімен» марапатталған.


Құсайынова Тұрсынгүл Жағыпарқызы

Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві директорының орынбасары

Архивтік құжаттарды ақпаратты жеткізгіштердің барлық түрлерінде қабылдауға, сақтауға, мемлекеттік есепке алуға; құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жүргізуге; Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің толықтыру көздері – мекемелер мен жеке тұлғалардың тізімдерін дайындауға, жүргізуге; инженерлік-техникалық коммуникацияның жұмыс істеуіне; архив құжаттарын басып шығаруды ұйымдастыруға, архивтану, құжаттану бойынша құжаттық жинақтарды дайындауға басшылықты қамтамасыз етеді.

ҰАҚ толықтыру бөлімінің; құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; құжаттарға есеп жүргізу және оларға ғылыми-анықтамалық аппарат (ҒАА) жасау; жеке тектік құжаттармен жұмыс жүргізу; жариялау-баспа; инженерлік-техникалық бөлімдерінің, пайдалану-техникалық қызметінің жұмыстарына жетекшілік етеді.

Азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі күндері 14:00 – 17:00


Мушкенова Сәуле Несіпбайқызы

Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві директорының орынбасары

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің ақпараттық-іздеу жүйесін дамытуға, автоматтандырылған технологияларды қолдануға, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ақпараттық құрылымын жетілдіру бойынша озық тәжірибені енгізуге және ұсыныстар әзірлеуге; құжаттарды пайдалануды ұйымдастыруға, заңды және жеке тұлғалардың тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сұраныстарын орындауға; архив ісі және ғылыми анықтамалық әдебиеттерді (жадынамалар, оқу құралдары, ұсынымдар, нұсқаулықтар және т.б.) дайындау бойынша әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға; тарихи-құжаттық мұраны насихаттауға, құжаттық көрмелерді, мектеп сабақтарын, байқаулар, көпшілік кездесулер, ашық есік күндерін, дөңгелек үстелдер мен ғылыми-практикалық конференциялар өткізуге; студенттердің оқу-өндірістік практикасын, мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің өндірістік практикасын және біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға; ғылыми, қоғамдық ұйымдармен, оқу орындарымен ынтымақтастық; Қазақстан Республикасының, шет мемлекеттердің архивтік мекемелерімен, халықаралық архивтік ұйымдармен байланыс орната отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің халықаралық ынтымақтастығын дамытуға басшылықты қамтамасыз етеді.

Құжаттарды пайдалану бөлімінің; ұйымдастыру-талдау жұмысы және халықаралық әріптестік бөлімінің; мемлекеттік қор каталогымен жұмыс жүргізу және ҰАҚ сақтандыруды қамтамасыз ету бөлімінің; архивтік технологиялар мен цифрландыру бөлімінің жұмыстарына жетекшілік етеді.

Азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі күндері 14:00 – 17:00

© 2020 - 2021 Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві