Сараптау-тексеру комиссиясының отырысы
2020 жылдың 3 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті. СТК отырысын ҚР Ұлттық архивінің директоры С. Нұрланова жүргізді.
Күн тәртібі бойынша СТК-да толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардан келіп түскен 34 құжат қаралды, оның ішінде атап айтса тұрақты сақталатын істер тізімдемелері, істер номенклатуралары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, Ұлттық архивтің жинақтау көздері – ұйымдарының тізіміне енгізу туралы ұйымдардан келіп түскен ұсыныстар болды.
Құжаттарды қарау барысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқалардың сәйкестілігі, тұрақты сақталатын құжаттардың қағаз тасымалдағышта және электронды нұсқалары қатар жүру қажеттілігі жөнінде ұсыныстар айтылды.
ulttykarhiv.kz