Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімнің негізгі міндеттері – Ұлттық архивтің жариялау-баспа қызметі бойынша жұмысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві қорының құжаттарын БАҚ-да жариялау бойынша жұмыс ұйымдастыру, «Қазақстан архивтері» ақпараттық және ғылыми-тәжірибелік журналын дайындау, баспаға жіберу және тарату мәселесі бойынша жұмыс жүргізу және журналға материалдар жіберу мәселесі бойынша республиканың және ТМД елдерінің архив мекемелерімен, тарихшы ғалымдар мен зерттеушілермен өзара қарым-қатынас орнату, архив құжаттары негізінде жинақтар, буклеттер, естелік және маңызды күндер күнтізбесін, Ұлттық архиві өткізілетін ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдарын, ақпараттық бюллетендер, анықтамалықтар, Ұлттық архивтің қорлары жөнінде жөнсілтерлер дайындау мен жариялау бойынша жұмыс ұйымдастыру.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде өтетін барлық іс-шаралар туралы ақпарат дайындап, архивтің веб-сайтына, Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріне орналастыру жұмысын жүзеге асырады, конференциялар, құжаттар көрмелер, семинарлар мен дөңгелек үстелдер және т.б. өткізу мен дайындауға қатысады, құжаттарды жариялау саласында озат отандық және шетелдік тәжірибені зерттейді және жұмыс тәжірибесіне енгізеді.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві директоры бекітетін жоспар негізінде жүзеге асырады.