Ұйымдастыру-талдау жұмысы және халықаралық әріптестік бөлімі Ұлттық архивтің жұмысын жоспарлауды іске асырады және жоспардың орындалуын бақылайды, құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс қорытындыларын талдайды және жинақтайды, жұмысты ұйымдастыру және оның қызметінің нәтижелігін арттыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, алыс және жақын шет елдердің, республиканың архив мекемелерінің архив саласындағы озық тәжірибелерін зерттейді және жинақтайды.
Бөлім келесі қызметтерді іске асырады:
Ұлттық архивтің жылдық жұмыс жоспарының дайындалуын қамтамасыз етеді және оның жүзеге асырылуын бақылайды;
құзырлы органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің негізгі бағыттары мен қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері» әкімшілік мәліметтерінің уақытылы дайындалуын және ұсынылуын қамтамасыз етеді;
құрылымдық бөлімшелердің жылдық жұмыс жоспарларының жобаларын қарайды және оларға түзету мен толықтыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
құрылымдық бөлімшелердің бақылауда тұрған құжаттарды орындауын қамтамасыз ету бойынша жұмысын бақылайды;
бақылаудағы құжаттар мен тапсырмалардың орындалу мәселелері бойынша басшылықтың уақытылы ақпараттануын қамтамасыз етеді;
Ұлттық архив қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдау жұмыстарын жүргізеді;
құрылымдық бөлімшелер жұмыстарының қорытындысы бойынша тоқсандық және жылдық жиынтық ақпараттарды дайындайды;
Ұлттық архив басшылығымен өткізілетін апта сайынғы аппараттық мәжілістердің хаттамасын жүргізеді;
Ұлттық архивтің Әдістемелік кеңесінің отырыстарын ұйымдастырады және хаттамасын жүргізеді;
алыс және жақын шет елдердің, республиканың архив мекемелерінің архив саласындағы озық тәжірибелерін зерттейді және жинақтайды;
еліміздің архивтері мен ғалымдары шет елдерден алып келген архивтік құжаттарға инвентаризация жүргізеді;
қайтарылған архивтік құжаттардың бірыңғай базасын жасау жұмыстарына қатысады;
архив саласын дамытуда тәжірибеге жұмыстың жаңа әдістерін ендіру бойынша ұсыныстар енгізеді
Ұлттық архивтің алқалық органдарында – дирекция, ғылыми кеңес, әдістемелік кеңес және сараптау-тексеру комиссия отырыстарында қаралатын мәселелерді дайындауға қатысады.