Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві директорының міндетін атқарушы Құсайынова Тұрсынгүл Жағыпарқызы және жариялау-баспа бөлімінің басшысы Биримкулова Назым Заманбекқызы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Әріптестерді марапаттарымен құттықтай отыра зор …
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. Осыдан 25 жыл бұрын еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды. Конституция жалпы тарихи тағдырмен байланысқан Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану – халық суверенитетінің көрінісі. …
Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві «Мектепке дайындық» акциясы аясында архив қызметкерлерінің мектепке алғашқы қадам жасаған балаларын құттықтауды жақсы дәстүрге айналдырған. Бүгін де салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві директорының міндетін атқарушы Құсайынова Тұрсынгүл Жағыпарқызы білім …
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің жеке тек қор иесі – қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңба, өшпес із қалдырған, қаламы қарымды, сөзі сүбелі тележурналист Бейбіт Құсанбектің туған күні. Алаштың ардақты ұлы тірі болғанда 58 жасқа толар еді. Қазақстандық журналистиканың қалыптасуы мен дамуынан …
Қазақ интеллигенциясының ең жарқын өкілдерінің бірі, аса көрнекті саяси қайраткер, жалынды публицист,аудармашы, жазушы Мұстафа Шоқай туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жоғары деңгейдегі білікті маман-архивисі Ажар Ермішованың Республикалық қоғамдық-саяси «Астана ақшамы» газетінде жарық көрген «Барша түркінің төл перзенті» атты мақаласын ұсынамыз. …
Бүгін шығыстанушы, ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА-ның коррепондент-мүшесі Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы 80 жасқа толып отыр. Ғалым Қазақстанның ортағасырлық тарихын, тарихи географиясын араб, парсы, көне түркі жазба ескерткіштері негізінде зерттеуші. Тарих ғылымдарында алғаш рет көне түркі тайпасы – қимақтардың мемлекет …
2020 жылдың 28 шілде күні онлайн режимде Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша СТК-да толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардан келіп түскен 22 құжат қаралды (тұрақты сақталатын істер тізімдемелері, істер номенклатуралары, ведомстволық архив және сараптау …
Бүгін «Қазақстан архивтері» ақпараттық және ғылыми-практикалық журналының кезекті екінші саны (54) жарық көрді.
Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, өзара келісім, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Ә.Жоламанов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Шпекбаев Алик Жатқамбайұлымен кездесті. Кездесу барысында архив қорларын цифрландыру, агенттіктің архив қорын қалыптастыру бойынша қызметкерлерге әдістемелік кеңес беру мәселесі талқыланды.