Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат  министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық  архиві» РММ жинақтау көздері – ұйымдарының жиынтық тізімі (бұдан әрі- Жиынтық тізім) 03.02.2023 жылғы жағдай бойынша жасалды, тізімге 284 ұйым енгізілді, оның ішінде: 156-мемлекеттік, 96 – мемлекеттік емес мекемелер және 35 – әлеуетті жинақтау көздері.
Жиынтық тізім 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі бекіткен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік архивтерінің жинақтау көздері мен әлеуетті көздері болып табылатын ұйымдардың тізімін жасау және анықтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» және «Мемлекеттік архивтерді жинақтау көздері мен әлеуетті көздері болып табылатын ұйымдар түрлерінің үлгі тізімдері» негізінде, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік архивтерінің жинақтау көздері мен әлеуетті көздері-ұйымдардың тізімін құру схемасы» негізінде жасалды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жинақтау көздерінің тізімін нақтылау бойынша жұмыс тұрақты негізде, ұйымдармен тікелей байланыста, ұйымға шыққан кезде, сондай-ақ  істер номенклатурасын әзірлеу, құжаттарды ретке келтіру кезінде жүргізіледі.
Тізім екі бөліктен тұрады:

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің жинақтау көздері болып табылатын мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың тізімі;
  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің әлеуетті көздері болып табылатын мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың тізімі.

Жиынтық тізімге республиканың мемлекеттік, экономикалық, қоғамдық қызметінің 19 саласындағы мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың түрлері енгізілді. Ірі салалардың ішінде кіші салалар және қызметтің нақты бағыттары ерекшеленеді.
Тізімге енгізілген мемлекеттік меншік нысанындағы ұйымдар мемлекеттік мекемелер (РММ, ММ), мемлекеттік кәсіпорындар (РМҚК, РМК, ШЖҚ РМК және т.б.) болып бөлінеді. Мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарға (АҚ, КЕАҚ, ЖШС, ЖМ).
Жинақтау көздерін анықтаудың негізгі критерийлеріне сәйкес жиынтық тізімге келесі бөлімдер бойынша 256 мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындар енгізілген:

  1. Мемлекеттік билік (оның ішінде сот билігі, әділет, прокуратура) №№ 1-75 – 75 қор құрушының;
  2. Жоспарлау, статистика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау №№ 76-80 – 5 қор құрушылар;
  3. Өнеркәсіп № № 81-115 – 35 қор құрушылар;
  4. Ауыл, су, орман шаруашылығы, жер ресурстары № № 116-134 – 19 қор құрушылар;
  5. Қоршаған ортаны қорғау және мониторингі № № 135-136-2 қор құрушы;
  6. Көлік және байланыс № № 137-145– 9 қор құрушылар;
  7. Құрылыс және сәулет № № 146-149 – 4 Қор құрушылар;
  8. Геология және жер қойнауын барлау № № № 150-151 – 2 қор құрушының;
  9. Сауда және қоғамдық тамақтандыру – № 152-1 қор құрушы;
  10. Жабдықтау, дайындау, өткізу № № № 153-154 – 2 қор құрушы;
  11. Қаржыландыру, кредиттеу, шағын және орта бизнесті дамыту, сақтандыру № № № 155-169 – 15 қор құрушы;
  12. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық № 170-1 қор құрушы;
  13. Мемлекеттік кірістер, салық салу, мемлекеттік мүлік № 171 – 1 – қор құрушы;
  14. Денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт № № 172-198 – 27 қор құрушылар;
  15. Білім № № 199-226 – 28 қор құрушылар;
  16. Ақпараттық қызмет №№ 227-237 – 11 қор құрушылар;
  17. Ғылым және ғылыми сүйемелдеу №№ 238-243 – 6 қор құрушылар;
  18. Мәдениет және өнер № № 244-255-12 қор құрушылар;
  19. Қоғамдық бірлестіктер № 256-1 қор құрушы.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» РММ-де жинақтау көздерінің тізімін нақтылау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде.
Ведомстволық және жеке архивтермен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы М. Нұртазина

Қысқартылған сөздер тізімі

1. АҚ Акционерлік қоғам
БҚ Басқарушылық құжаттама
ҒЗҚ Ғылыми-зерттеу құжаттамасы
ДБҰ Дербес білім беру ұйымы
ЖМ Жеке мекеме
ЖСҚ Жобалау-сметалық құжаттама
ЖШС Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ММ Мемлекеттік мекеме
МОБТ Мемлекеттік опера және балет театры
КЕАҚ Коммерциялық емес акционерлік қоғам
ҚБ Қоғамдық бірлестік
ҚР Қазақстан Республикасы
ҚР АҚДМ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
ҚР АШМ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚР ӘМ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҚР БҒМ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚР ДСМ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ЕХӘҚМ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ҚР ИИДМ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
ҚР ҚМ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР МСМ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
ҚР СИМ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
ҚР ҰЭМ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ҚР ЦДАӨМ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ҚР ЭГТРМ Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
ҚР ЭМ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
НЗМ Назарбаев зияткерлік мектептері
ПЛҚ Патенттік-лицензиялық құжаттама
РММ Республикалық мемлекеттік мекеме
РМК Республикалық мемлекеттік кәсіпорын
РМҚК Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
РТРК Республикалық теле радио компаниясы
ФҚ Фотоқұжаттама
ШЖҚ РМК Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын

Әлеуетті көздері – ұйымдарының жиынтық тізімі
Жүктеу сілтемесі : ҚАЗ – РУС

Жинақтау көздері -ұйымдарының жиынтық тізімі
Жүктеу сілтемесі : ҚАЗРУС

© 2020 - 2021 Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві