Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде мемлекеттік және ведомстволық архив  қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы  2021 жылғы 21 желтоқсанда ашылды.

Курстар бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізіледі.

Ашылғаннан бері 450 ден астам архив қызметкерлері біліктіліктерін арттырды.

Курс барысында Архив ісі саласының дамуы: мәселелер мен перспективалар, Мекемеде құжаттармен жұмысты ұйымдастыру, Мемлекеттік сақтауға құжаттарды қабылдау (тапсыру) ережелері, Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету (архив қоймасын көрсете отырып), Архив ісі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, Архив ісі саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сияқты тақырыптар бойынша лекциялар оқылып, біліктілікті арттыру дәрістерінде өткен материалды бекіту мақсатында іскерлік ойындар ұйымдастырылып, архив ісінің негізгі бағыттары бойынша бейнефильм көрсетіледі.

Өз кезегінде тыңдаушылар курстардың деңгейін жоғары бағалап, курс барысында архив ісі, құжаттаманы жүргізу бойынша көптеген жаңа кәсіби білім алғандарын атап өтуде.

Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталады.  Сертификаттың ерекшелігі архив ісі мен құжаттама саласындағы уәкілетті орган және Ұлттық архив тарапынан беріледі.

© 2020 - 2021 Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві