Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі кезеңіндегі архив саласының жетістіктері
2021 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова мен директордың орынбасары Сәуле Мушкенова Алматы қаласы мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі кезеңіндегі архив саласының жетістіктері» атты республикалық конференцияға қатысты.
Конференция барысында Тәуелсіздік кезеңіндегі архив саласының негізгі жетістіктері қаралып, архив ісін одан әрі дамыту жөніндегі келешекке арналған міндеттер айқындалды.
ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова «Тәуелсіздік тарихын сақтаушы — Ұлттық архив» тақырыбында баяндама оқып, тақырыпқа жан-жақты тоқталды.
Сонымен қатар, архив ісі ардагерлерінің ұсынысы бойынша архивистердің Этикалық кодексінің жобасы және «Қазақстан Республикасы архивистерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігін құру мәселелері талқыланды.
Іс-шара бағдарламасының пленарлық бөлігінде Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның архив саласының негізгі жетістіктері қаралып, архив ісін одан әрі дамыту жөніндегі перспективаға арналған міндеттер айқындалды.
Форум соңында «Архившілер күні» кәсіби мерекесіне орай бірқатар архившілерді «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті.
Республикалық конференцияға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Алматы қаласы мемлекеттік архивінің қор құрушыларының портреттік аллеясы, еліміздің мемлекеттік архивтерінің «Архив ісінің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері», «Ең басты игілігіміз – Тәуелсіздік», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдары», «Жауһар жәдігерлер» тақырыптық-экспозициялық көрмелері таныстырылды.