«Өрт қауіпсіздігі» шарасы өтті
2021 жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт сөндіру бойынша «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараны өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру үшін
«As Сервис.KZ» ЖК өрт қауіпсіздігі инженері Александр Журкин және Ұлттық архивтің техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау инженері Гамлет Есқазиев өткізді.
Шара барысында мамандар Ұлттық архив қызметкерлерін өртке қарсы режимімен таныстырып, өрт сөндірудің бастапқы кезеңдерінде қолданылатын техникалық құралдарын көрнекі түрде көрсетіп, оларды қолдану тәсілдерін түсіндірді. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау қажеттілігін айтып өтті. Қатысушылар сұрақтарына тәжірибеден мысалдар келтірумен жауаптар берілді.