Сәуірдің 25 – 26 күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Іс жүргізу және архив ісіне қатысты қызметтері бойынша Орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне біліктілікті арттыру мақсатында «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру және құжаттаманы басқару» тақырыбында оқыту семинары өтті. Оқыту- семинарында ҚР …
Астанада архив саласындағы мемлекеттік қызметтерді дамыту мәселелері талқыланды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Астана қаласының мемлекеттік архиві бірлесе отырып, «Е-Өтініш» арқылы келіп түскен адвокаттық сұраныстарды қарастырудың жолдары» атты семинар өткізді. …
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивіне Франция елінің тарихшысы Robert Lucien Maxime Francois келіп, архивтің тыныс-тіршілігімен танысты. Ол – еліміздің тарихын зерделеп жүрген білікті тұлға. Қазіргі таңда Қазақстан туралы кітап жазуда.
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультетінің профессоры Мусабалина Гүлнар Төлеуғазықызының жетекшілігімен «Архивтану және музейтану» пәні бойынша дәріс-сабақ өтті. Басқосуда архив саласындағы күрделі де қызықты мәліметтер, мұрағатпен жұмыс істеу әдістері мен жолдары, архив пен …
Бүгін Астана қаласындағы Конгресс орталығында «Eurasian Book Fair — 2024» кітап жәрмеңкесі аясында ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, ТҮРКСОЙ жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Оразбайұлы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Есімсейітқызы келісімшартқа қол қойды. …
12 сәуір – Ғылым күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде Ғылыми кеңесінің отырысы өтті. Ғылыми кеңесті Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Есімсейітқызы жүргізіп, архивтегі ғылым саласының дамуын баяндады. Сонымен қатар, 2023 жылғы атқарылған жұмыстар туралы да тоқталды. Кеңестің құрамы …
ҚР Ұлттық архивінде «Тәуелсіз Қазақстан: Мемлекет және тұлға» (Тарихи және рухани сабақтастық) атты ғылыми-танымдық кездесу өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz. Іс-шара архивте ашылған «Қазақстан тарихы» кабинетінде ұйымдастырылды. Басқосуды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары, т.ғ.д. Т.Садықұлы мен З.Оразғалиқызы жүргізіп, тақырыптың өзектілігі мен …
28-29 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві 2024 жылға арналған Мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығында құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қазіргі заманғы негіздеріне оқыту бойынша «Құжаттардың құндылығын сараптау, істерді ведомстволық және мемлекеттік сақтауға дайындау» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары …
Ұлттық архивте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист, прозашы, сазгер, ақын Қадыр Әлімқұловтың жеке тек қоры ашылды. Іс-шарада Қадыр Нүсіпақынұлының шығармашылығын насихаттау, мұраларын Ұлттық архив қорына жинақтау және құндылығын таныту жайы сөз болды. Ұлттық архивтің директоры Сағила Есімсейітқызы қаламгер жөнінде пікір …