Жолдау талқыланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына жолдауы ел арасында талқылануда. Осы орайда Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұжымы онлайн режимінде Президент жолдауын талқылау бойынша кездесу өткізді.
Жолдауында Президент жаңа жағдайдағы экономикалық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартып, баспана мәселесін шешу, зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мәселесі, қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау саласын дамыту, дәрігерлердің материалдық жағдайын көтеру, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму маңыздылығы, цифрландыру мен азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы сынды көтерген маңызды мәселелер ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырары сөзсіз.
«Алдымызда ауқымды әрі күрделі міндеттер тұр. Соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпыұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет» деген Президентіміздің сөздері әрбір қазақстандыққа жаңа өмір салтын қалыптастыруға, жаңаша ойлауға бағдар беріп тұрғандай.
Өз кезегінде архив қызметкерлері Жолдауды толығымен қолдап, еліміздің дамуы мен көркеуіне өз үлестерін қосуға ниет білдіреді.