Жеке тектік құжаттармен жұмыс жүргізу бөлімі
Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер» туралы заңына сәйкес ұлттық архив қорын жасақтау көзінің бірі жеке тектік құжаттар болып табылады.
Жеке тектік құжаттармен жұмыс жүргізу бөлімі Қазақстанның даму, өркендеу, кезеңдерінен мағлұмат беретін және әдебиеті, өнері мен мәдениеті жөнінде жасақталған жеке қорлар – халықтың баға жетпес рухани қазынасы саналатын мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғұлама ғалым, өнер майталмандарының құжаттарын жинап, оларға ғылыми-техникалық өңдеу жүргізіп, насихаттаумен (мерекелік іс-шаралар, құжаттық көрмелер, кездесулер, т.б.) айналысады, нақтырақ айтсақ жеке тектік құжаттардың әлеуетті иелерін анықтау, қор иесінің өмірбаяндық мәліметтерінің тиісті көздері, оның қызметінің негізгі кезеңдері бойынша нақтылау, Ұлттық архивке құжаттарды қабылдау мақсатында қор иелерімен келіссөздер жүргізу, ынтымақтастық туралы шарттар дайындау және жасасу, жеке тектік құжаттардың құндылығын сараптау, қор иесіне қайтарылуға жататын құжаттарды іріктеу, құжаттарды бастапқы жүйелеу, шартты істерді қалыптастыру жеке тектік құжаттар мен істерге тізімдеме жасау және оларды сараптау-тексеру комиссиясының қарауына дайындау, мемлекеттік сақтауға тапсыру болып табылады.