Конституция күні құтты болсын!
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. Осыдан 25 жыл бұрын еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды. Конституция жалпы тарихи тағдырмен байланысқан Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану – халық суверенитетінің көрінісі. Халық өз билігін тікелей республикалық референдум және сайлау арқылы жүзеге асырады, сонымен бірге билік жүргізуді мемлекеттік органдарға тапсырады.
Халықтың еркіндігін айшықтайтын бұл құжат өзінің нормалары мен қағидаларымен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениеті дамыған елдердің қатарына жетелейді. Сол себепті басты міндет – жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың Республика Конституциясына деген дәстүрлі құрметін дамыта түсу.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Архивінің ұжымы барша қазақстандықтарды осынау атаулы мерекемен шын жүректен құттықтайды!