Әдістемелік көмек онлайн
Елімізде енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Ведомстволық
және жеке архивтермен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкерлері жоспарға сәйкес қашықтықтан жұмыс жүргізуде.
Ведомстволық және жеке архивтермен жұмыс жүргізу бөлімінің негізгі бағыттарының бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жинақтау көздері – ұйымдарына архив ісі және құжаттама мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету болғандықтан, жұмыс онлайн режимде атқарылуда.
Осы бағытта бөлімнің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің сараптау-тексеру комиссиясының қарауына ұсынылған құжаттар бойынша ұйымдарға істер номенклатурасын жасау, қалыптастыру және ресімдеу тәртібі, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және оның нәтижелерін ресімдеу тәртібі, ұйым архивінің құжаттарын сақтау туралы және т.б. архив ісі және құжаттама саласындағы қолданыстағы заңнамаларына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, консультациялық көмек көрсетілуде.
Атап айтсақ, бөлім маманы Г. Абдрасилова Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің архивист-маманы Б. Азимбаеваға ұйым архивінің құжаттарын есепке алу, сақтау, істердің тізімдемесін, тарихи анықтаманы жасау, Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы түсіндіріп, әдістемелік көмек көрсетті.
Қашықтықтан жұмыс жасау кезеңі аяқталғанға дейін бөлім қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің жинақтау көздері болып табылатын ұйымдармен онлайн режимде жұмыс жасайды.
БІЗ БІРГЕМІЗ!