ТЖ режиміндегі жұмыс
Төтенше жағдай мен карантин енгізілген уақыт ішінде инженерлік-
техникалық бөлім Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ғимаратындағы
температура мен жылу режимін, архив қоймаларындағы ауа баптау және желдету жүйелерінің жұмыс режимін сақтай отырып, электр желілерінің, жылы сумен жабдықтау мен кәріздердің жұмыс істеуін бақылау бойынша жұмысын тоқтатқан жоқ. Әр ауысым диспетчермен бірге үш сағат сайын құрылғылар мен
бергіштердің (датчиктердің) көрсеткіштерін алып, құрылғылардың тәулік бойы жұмыс істеуін бақылайды, өз жұмыстары мен міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарайды.
Инженерлік құрам төтенше жағдайға байланысты бекітілген кестеге
сәйкес жұмысқа шығады, қалған уақытта диспетчер мен техниктердің туындаған мәселелерін ұялы байланыс арқылы жедел шешіп, қашықтықтан
жұмыс істейді.