“Электрондық құжаттардың бірыңғай мұрағаты»
2020 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің базасында Қазақстан Республикасы Президент
Әкімшілігі Жалпы бөлім меңгерушісінің орынбасары Ержан Серікбаев, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Берік Батырбеков, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Бақытжан Темірболат; Архив ісі және құжаттама департаментінің директоры Бағдат Тансыбеков, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Жәмилә Әбдіқадырова, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Әбіл Жоламанов және басқа мемлекеттік органдар мен архив саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жұмыс мәжілісі өтті. Отырыста «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесін дамыту, орындалу барысын бақылау және басқару мәселелері талқыланды.
Жобаны әзірлеуші «InesSoft» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесін құру бойынша презентациясын жасап, функционалымен таныстырды.
«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» Акционерлік қоғамының жобалық офис менеджері Жандос Құлжанбеков жобаның орындалу барысын бақылау және басқару жөнінде өз ойымен бөлісті.
Разработчик проекта – товарищество с ограниченной ответственностью «InesSoft» представили презентацию информационной системы «Единый архив электронных документов», ознакомили с ее функционалом.
Проектный офис-менеджер акционерного общества «Национальный инфокоммуникационный холдинг «Зерде» Жандос Кулжанбеков поделился информацией о ходе реализации проекта и контроле.