Тайланд Елшілігінің Делегациясы
2019 жылдың 6 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасындағы Таиланд Корольдігі
Елшісінің кеңесшісі, Дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Парадорн Рангсимапорн мырза және Екінші хатшысы Вонгсакорн Чайчана мырзамен кездесу өтті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Ә. Жоламанов кездесу барысында қонақтарға Ұлттық архив қызметінің негізгі бағыттары, архив ісі саласындағы жаңалықтар, Халықаралық архивтер кеңесі Еуро-Азиялық бөлімшесінің (Евразика) жұмысы, «Архив 2025» мемлекеттік бағдарламасы жөнінде айтып өтті.
Таиланд Корольдігі өкілдері өз кезегінде Қазақстанның Ұлттық архивінің құжаттар ерекшелігі, архив саласындағы жүйелік бағдарламалар, шетел архивтерімен халықаралық қатынасына қызығушылық танытты.
Тараптар нәтижелі пікір алмасудан кейін Қазақстан-Таиланд елдері арасындағы архив ісі саласы бойынша іскерлік қарым-қатынас орнату, өзара тәжірибе, мемлекеттер тарихына қатысты құжаттармен алмасу бойынша тиімді ынтымақтастық орнату туралы келісімге келді.