“Е-Архив” АЖ одан әрі жетілдіру бойынша республикалық семинар-кеңес
20-21 ақпан күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ұйымдастыруымен «Е-Архив» АЖ-да жұмысы туралы республикалық семинар-кеңесі өтті.
Семинарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің, Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаментінің, «IServ» ЖШС, «ҰАТ» АҚ, архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету саласына басшылық ететін ЖАО өкілдері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының мемлекеттік архивтерінің, облыстық мемлекеттік архив мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік органдардың «Е-Архив» ақпараттық жүйесіндегі жұмысы мен мәселелері талқыланды.



