АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР, АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРЫҢ КӨШІРМЕЛЕРІН НЕМЕСЕ АРХИВТІК ҮЗІНДІЛЕР БЕРУ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
28-29 қараша күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру, мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыруға арналған семинар өтті.
Семинарға Астана қаласы, Түркістан, Маңғыстау, Абай, Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстарының архивист-мамандары қатысты. Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті басқармасының басшысы С.Тащанова «Архив ісі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер», «Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық база», «ҚР ӘРПК қағидаларын қолдану», «Сұраныстарды орындау: генеалогиялық, тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық», «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін «Е-Архив», «Е-Өтініш» АЖ көрсету, есепті қалыптастыру» атты баяндамаларын оқыды.
Семинар қорытындысы бойынша әр өңірден келген архивистерге сертификаттар табысталды.