АҚЫН, ЖАЗУШЫ ЫСҚАҚ ӘКІМ ӘБДІҚАЙЫМҰЛЫ ӨЗІНІҢ МҰРАСЫН АРХИВКЕ ӨТКІЗЕДІ
3 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Есімсейітқызы мен мемлекет және қоғам қайраткері Ысқақ Әкім Әбдіқайымұлы жеке тек қорын ашу мақсатында екіжақты келісімшартқа қол қойды.
Сонымен қатар С.Нұрланова Ә.Әбдіқайымұлына туған күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын табыс етті.
Әкім Ысқақ – Қазақстан парламентаризмінде тұңғыш қазақ тілінде «Халықтың көші-қоны туралы» заңын жазған депутат ретінде тарихта аты қалған азамат. Осы заңның негізінде елімізде Көші-қон және демография жөніндегі Агенттік, облыстарда көші-қон басқармалары құрылды. Бүгінде 2 миллионнан астам қандастарымыз Отанына оралды.
Ә.Ысқақ ақын, жазушы, журналист, сазгер, сатирик ретінде республика жұртшылығына кеңінен танымал. Жеті өнер түйіскен оның қаламынан туған «Жүректегі жазулар», «Адам іздеп жүрмін», «Көңіл қымбат», «Алтыным» атты кітаптары өз оқырманы бар шығармалар қатарында.
Сондай-ақ Әкім Әбдіқайымұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл», «Астана» медальдарымен, Моңғолияның «Шыңғысхан» медалімен марапатталған.