«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау және құжаттаманы басқару» тақырыбында оқу семинары өтті
Ақпанның 22-23 күндері ҚР Ұлттық архиві Мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы базасында «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау және құжаттаманы басқару» тақырыбында оқу семинары өтті.
Семинарға орталық мемлекеттік органдары құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Г. Қарсақбаева, басқарма басшысы С. Тащанова, ҚР Ұлттық архивінің директоры С. Нурланова, Ұлттық архив қорын қалыптастыру бөлімінің басшысы М. Нұртазина, Ұлттық архив қорын қалыптастыру бөлімінің жоғары білікті маман-архивисті, IТ- архивтану және құжаттану магистрі А. Сәдуақасова лекция оқыды.
Оқыту семинарында «Архив ісі және құжаттаманы басқару саласындағы нормативтік-құқықтық актілер», «Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару қағидаларын қолдану», «Қызмет бабында пайдалану құжаттарымен жұмыс жүргізу мәселелері», «Ұйымның номенклатурасын жасау ерекшеліктері», «Істерді қалыптастыру және рәсімдеу», «Құжаттарды қалыптастыру-Ұлттық архив қорының сапалы құрамының кепілі», «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» АЖ жұмыс істеуі» тақырыптары бойынша лекциялар оқылып, ҚР Ұлттық архив жұмысымен таныстыру экскурсиясы өтті. Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, сертификаттар табысталды.