«Архив қорларын жинақтау және мемлекеттік есепке алуды жүргізу» тақырыбында өңірлік семинар өтті
Бүгін Алматыда архив қызметкерлеріне арналған «Архив қорларын жинақтау және мемлекеттік есепке алуды жүргізу» тақырыбында өңірлік семинар өтті. Жиында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері және ҚР Ұлттық архиві директорының орынбасары Мушкенова Сәуле Несіпбайқызы мен басқа да мемлекеттік архивтердің басшылары архив ісі және құжаттама саласындағы заңнама нормалары мен нормативтік құқықтық актілер туралы баяндамалар жасап, тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараға архив саласына жетекшілік ететін басқармалар, Алматы, Жетісу облыстары мен Алматы қаласының мемлекеттік архивтері қатысты.
Семинар шеңберінде архив қорларын сапалы жинақтау, Ұлттық архив қорының құрамына құжаттарды жатқызу бойынша өлшемшарттарды қолдану, мемлекеттік есепке алуды жүргізу ерекшеліктері, оның ішінде «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесінде мәселелерді талқыланды.
Сондай-ақ екі секция бойынша жоспарланған тақырыптық алаңда архившілер архивтік құжаттарды жинақтау және есепке алу жөніндегі заңнама нормаларын және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын іс жүзінде қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.