«ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ» атты архившілер арасында спорттық іс-шара өтті
2023 жылдың 22 шілдесі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің құрылған күніне орай, Астана қаласы «Алау» мұз айдыны сарайында «ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ» атты архившілер арасында спорттық іс-шара өтті.
Спорттық іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Қарсақбаева Гүлзира Елібайқызы, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Болысбек Мұхаммед Әбдіәшімұлы қатысты.
Спорттық іс-шарада салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік мекемелерде жалпы спортты дамыту мақсатында «Волейбол», «Үстел теннисі», «Арқан тартыс» ойындары арасында жарыс ұйымдастырылды.
Жарысқа белсене қатысып, оқ бойы озық шыққан ойыншыларға Грамоталар мен сыйлықтар табысталды.
«Волейбол» жарысынан:
I орын – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті
II орын – «Астана қаласының мемлекеттік архиві»
III орын – «Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы»
Үстел теннисінен Ерлер арасындағы жарыс нәтижесі:
I орын «Геральдикалық зерттеулер орталығы» қызметкері Шаймұрат Нұрдәулет Шаймұратұлы;
II орын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті қызметкері Маханбетов Еламан Болатұлы;
III орын «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» қызметкері Сафарбаев Бекжан Батырханұлы
Үстел теннисінен Әйелдер арасында I, II орынды Ұлттық архивтің намысын қорғаған қызметкерлері Иргашева Нурсулу Сайдуллаевна мен Ақыпбек Әсима Өтепбергенқызы иеленсе, III орынға Астана қаласы Мемлекеттік архиві қызметкері Алимбаева Ақшолпан Борисовна ие болды.
«Арқан тартыс» бойынша:
I орын «Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві»
II орын «Астана қаласының мемлекеттік архиві»,
III орынды «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» өз қанжығаларына байлады.
Әріптестерімізді жеңісімен құттықтап, әрдайым бабы мен бағы қатар шабуын тілейміз!
Белсенділік көрсеткен барша қатысушыларға Ұлттық архив ұжымы алғыс білдіреді.