1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
1 маусым күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві мен Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік күнін өткізді.
Шараның басты мақсаты Болашақ ұрпақтың бойына Отан тарихына деген сүйіспеншілік дәнегін сеуіп, олардың өз елінің патриоттары болып қалыптасуына ықпал ету. Ашық есік күніне түрлі жастағы 200-ден астам балалар мен олардың ата-аналары қатысты.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Қарсақбаева Гүлзира Елібайқызы, Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасының кеңесшісі
Бекназарова Әлима Дулатқызы және ҚР Ұлттық архивінің директоры Нұрланова Сағила Есімсейітқызы қатысып, балаларға ақ тілектерін арнады.
Осыдан кейін балалар топ-топқа бөлініп, алдын ала дайындалған маршруттар бойынша Ұлттық архивтің барлық бөлімдеріне кіріп, архившілердің жұмысымен толықтай танысып шықты.