Ұлттық архивтің кезекті оқу курсы
Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві 2023 жылғы 15-16 маусым аралығында «Ұйымдағы ғылыми-техникалық құжаттаманы сақтауды, толықтыруды, есепке алуды және пайдалануды ұйымдастыру» тақырыбында оқу курсы өткізілетінін хабарлайды.
Оқу курсына қатысу ақылы (40 000 теңге), іссапар шығындары жіберуші тарапынан төленеді және тыңдаушыларға сертификат беріледі.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві (Абай даңғылы, 39).
Өтінімдерді info@kazarhiv.kz электронды адресіне жолдау қажет.
Байланыс телефондары: 8 (71 72) 57-99-32, 87783927468