Құжаттарды пайдалану бөлімі (ҚПБ)
Құжаттарды пайдалану бөлімі (ҚПБ) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1. Мемлекеттік қызмет көрсету:
- еңбек өтілі туралы сұраныс
- еңбекақы туралы сұраныс
- марапаттау/көтермелеу туралы сұраныс
- сұраныс (басқа)
(өтініштердің үлгілері қоса берілді)
2. Тематикалық сұраныстар
Архивтің мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұраныстары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде өтеусіз ресімделеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нормативтік мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап 11 жұмыс күнін құрайды, орындау мерзімі өтініш берушіні 3 (үш) күн ішінде міндетті түрде жазбаша хабардар ете отырып, 25 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметтер мынадай жолдармен көрсетіледі:
1. өтініште көрсетілген пошталық мекен-жайға, электрондық поштаға.
2. мекеменің бөлімінде
Электрондық пошта арқылы жіберілген архивтік анықтамалардың заңды күші жоқ.