ҚР Орталық мемлекеттік архивіне – 100 жыл!
2021 жылғы 19 қарашада ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова мен бір топ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті «Орталық мемлекеттік архиві» РММ-нің құрылғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қатысып, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл!» атты құжатты көрмесін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Орталық мемлекеттік архивтің 100 жылдығына арналған мемориалдық тақтаны ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов салтанатты түрде ашып, конференцияға қатысушыларға құттықтау сөз арнады.
Орталық мемлекеттік архивтің директоры Сәбит Шілдебай конференцияға қатысушыларды бір ғасыр жасаған қарашаңырақтың тарихымен таныстырып, Орталық мемлекеттік архив бойынша экскурсия жасатты.
Іс-шараның салтанатты бөлігінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Орталық мемлекеттік архивтің бір топ қызметкерлерін «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады. Ал ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш конференцияға қатысушыларды министрліктің «Құрмет грамотасымен» және «ҚР ОМА 100 жыл» мерекелік меделімен марапаттады. Мерейтойлық медальмен ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова марапатталды.
Мерекелік іс-шараның жабылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова арнайы қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің құттықтау хаттарын табыс етті.